ZHARAR | KZ | Өлең | Мақпал Мыса (Бәрі де әппақ...)
 Мақпал Мыса (Бәрі де әппақ...)
Мен туған күн қырау шалған қыс еді,
Өңірімді ақ қар жапқан тұс еді.
Ақбастаудың етегіннен ақ өлең
Адалдықпен кілкіп ағып түседі.

Десем де бір көңіл күпті...
сыз кеудем,
Үкіленем үмітімді үзбеумен.
Киік жорық...
Күйіп-тоңып желемін,
Ақ дүниеден адалдықты іздеумен.

Сарсаң кездер сандыратып тұр еді,
Самала шақ салқын тартып жүр еді.
Әппақ қыстың аяулысын аңсатар
Бұл сары күз...
селдіреген сыр еді...

Өлең де аппақ, бәрі де аппақ, жер аппақ,
Біз жүрейік бұл фәниді кел, ақтап.
Кер дүниеде кірлеп қаласаң қарайып,
Ақтарыл бір!
Ақ дүниемен бөлек қап.

Адалдықтың алдында бас иемін,
Ақ өлеңім-арман, арым, киелім.
Әппақ қарда Аллам өмір берген соң,
Ақ дүниені жан-тәніммен сүйемін.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Ернур - Сегодня, 01:13
Абай Құнанбаев (Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат)

Тайм тайм тайм

Гость Айша - Сегодня, 00:42
Көшбасшы болу үшін

Мне нужно Қазақстан тарихы 1-токсан

Апогей и - Сегодня, 00:34
Математика (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб матем

Гость Меруерт - Вчера, 23:59
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: www.kzПжжжж. 9кл тжб 1 тоқсан. Жауаптарын тауып беріңдерші. Керек болып тұр. Келісі апта тапсырамыз.🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻

Гость Меруерт - Вчера, 23:59
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Радиусы 2,5 м дөңгелек 15м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығын тап.

Дилинур - Вчера, 23:52
Менің мектебім

Ноааолиимегшмс

Гость Фатима - Вчера, 23:31
Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: Аульбекова Асель БолатовнаҚазақ тілі 1 тоқсан 4 сынып тжб жауаптары керек Мағанда қажет😁

Гость Фатима - Вчера, 23:30
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Суретте бейнеленген үдеріс қалай аталады? Айтып жіберіндерші өтінемін😢

Заң - Вчера, 23:14
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

классные стихи

Ali Jumabek - Вчера, 23:10
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: Венера1 токсан тжб математика керек