Мақпал Мыса (Мезгіл мұңы)

 Мақпал Мыса (Мезгіл мұңы)

Тағдыр жазған талайы бар көшімнің
Кей күндерін бірге өзіммен өшірдім.
Жүректегі бірақ өлмес өмірді
Өлеңіме өрнек салып көшірдім.

Сен де кеттің, мен де кеттім жыл ұзап,
Сапар шегіп сағынбастай тым ұзақ…
Жазда сүйіп қоштастық біз, ал сосын?
Мезгілдерден мекен таптық күз ұнап…

Арамызға түндер салды шымылдық,
Содан бері жылжымады жылым түк…
Жасың болып жанарыңнан жылжып ем,
Күзге айналдың күрсініспен күмілжіп…

Жарығым-ай!
Бұл жалғанға сыя алмай,
Мен де жүрмін,
сен де жүрсің қия алмай.
Жапырақтар жылап жатыр жерде, әне,
Көздің жасын солқ-солқ етіп тыя алмай…

Қара түнде қалың ойлар, қалың бақ,
Қалың мұңнан қалай жаным арылмақ?
Соңғы демін алғызып ап қар жатыр
Қара жерді ақ кебінмен арулап.

Уысыңда тұрмас дәйім бұл уақыт,
Көктем келер жүректерде гүл атып.
Мезгілдерді шығарып сап біз тұрмыз,
Жылатып ап содан кейін жұбатып…

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!