Аңдардың төлдері


Ал, балалар, балалар,

Аңдардың біл төлдерін,

Еске сақтап, санап ал,

Бар ма, естіп, көргенің?

 

Арыстанның баласы –

Абдан екен тісі ірі.

Шөнжікті де санашы,

Жолбарыстың күшігі.

 

Алан – төлі барыстың,

Құлағыңды көр түріп.

Әрі қарай танысқын,

Қасқырдікі – бөлтірік.

 

Соқыр туған мысықтан,

Деп ойлама бұ қалай.

Әрі сана пысып қан,

Киік төлі – құралай.

 

Аю туар қонжықты,

Көрмесін деп жеңіліп.

Жүгіргенде ол мықты,

Елік төлі – еңлік.

 

Көжек – қоян қорқағы,

Қос көрінген жолына.

Ұзын құлақ ол тағы –

Есек төлі – қодыға.

 

Арқар төлі – қозықа,

Тауда оның панасы.

Еске сақта оны да,

Құнай – құндыз баласы.

 

Сілеусіннің тұқымы –

Аталыпты інсін деп.

Борсықтың да құт іні –

Әзборақ төлі білсін тек.

 

Тоқтама санап болдым деп,

Бұғышақ – төлі бұғының.

Суыр төлі – мондын деп,

Толықсын тағы ұғымың.

 

Қодық - төлі құланның,

Жәудір – төлі түлкінің.

Білгірі бол ұланның,

Санап, атын біл, күнім!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: санамақ, аңдар, төлдер