Ақерке Асан (Қала түні)

 Ақерке Асан (Қала түні)

Түн.
Қала.
Майқұдықтың көшесі.
Түн тұмары -
өкпе, нала...
Шыдар кімнің еңсесі?
Сағындыртпай келер, бәлкім,
Жел -құмарым,
шерлесім.
Жер-АНА дер,кәне, бар кім,
Кеп жұбатар жерлесін?
Құлқына кім құрбан қылар,
Кеудедегі жүрегін?
Көлеңкесі күн батырар,
Көкіректі түнедім...
Айта берсем қайта айналып,
Мына түнге өкпені,
Қара түнде мұңды жуып,
Ақ жауын да төкпеді!
Қара өлеңге құмар қанып,
Дұға қылдым Қасымға.
Жұмақ қалды жұпар аңқып,
Жайнамаздың басында.
Келем, міне, жалғызсырап...
Майқұдықтың көшесі.
Шамдар өшті, үміт бірақ,
Айқын еді сөнбесі.
Қара барқыт-қара түн бұл,
Ай жамылған көрпесі.
ДАЛА - дүл-дүл!
ҚАЛА - тыныш -
Ақындардың түрмесі!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!