Олимпиадалық іріктеу: Төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Олимпиадалық іріктеу: Төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты деп хабарлайды Азаттық.

Бүгін, 29 наурызда өткен күндізгі сессияда 64 килограмм салмақта 19 жастағы Абылайхан Жүсіпов австралиялық қарсыласы Давид Видлиді 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) есебімен жеңді.

81 килограмм салмақта Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов сириялық қарсыласы Алаа Элдин Госсоунды жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ал +91 килограмм салмақта Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко жаңа зеландиялық Патрик Майлотты бірінші раундта нокаутпен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Әйелдер арасында 75 килограмда Дариға Шәкімова моңғолиялық Эрденету Энхбаатарды 3:0 есебімен жеңіп, ол да 1/2 финалға шықты.

Ал 60 килограмда 19 жастарғы Назым Ишанова қытайлық, Азия ойындарының чемпионы Иун Жинхуадан 0:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Қытайдағы іріктеу жарысы 2 сәуір күні аяқталады. Әр салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікке енген боксшылар олимпиадаға жолдама алады.

Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Василий Левит олимпиада жолдамасын иеленген.

Дереккөз: Азаттық

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі