ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады


Тестілеу ұзақтығы — төрт сағат (240 минут). Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған.


«Тестілеу кезінде талапкерлерге бірнеше үзіліс беріледі. Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін 2 минут, 120 минуттан кейін 3 минут және 180 минуттан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі. Бұл уақытта тестке қатысушылар жаттығу жасап, су ішіп, өздерімен бірге алып келген шоколадты жей алады», — деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлерге тапсырмаларды орындау үшін 70 минут беріледі. Олар ҰБТ-ны екі пән — «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» бойынша тапсырады.


Шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға ниетті студенттер үшін тестілеу ұзақтығы — 130 минут. Тестке қатысушылардың бұл санаты таңдауы бойынша екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.


Өз мамандығы немесе сабақтас бағыт бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектеріне ҰБТ-да 120 минут беріледі. Осы уақыт ішінде олар жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырмаларды орындайды.


Ұқсас мамандықтар бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған шығармашылық бағытты тәмамдаған колледж түлектері үшін тестілеу уақыты — 80 минут. Олар ҰБТ-ны бір арнайы пән бойынша тапсырады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу