Ғафу Қайырбеков (Ана тілі + видео)

 Ғафу Қайырбеков (Ана тілі + видео)

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.
Сонда-дағы сен қалмассың көкейден;
Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

Бар қазақтың орман, көлі, өзені,
Тау қиясы, жалпақ, жазық кезені.
Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па қазақша,
Қалай тозар сендік асыл сөз енді!

Сен де емес пе солардың бар ажары,
Орман үні,бұлағының таза әні.
Гүл, бәйшешек,көкорайдың жұпары,
Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.
Ана тілім, күшім менің қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын!


Әні: Иран Тасқара
Орындаған: Ғазиза Жұмекенова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!