Алдағы 10 жылда жойылып кетудің алдында тұрған мамандықтар қандай?

Алдағы 10 жылда жойылып кетудің алдында тұрған мамандықтар қандай?

CNN Money басылымының хабарлауынша, инновация, технологияның дамуы болашақта кейбір мамандықтардың керексіз болып қалуына «септігін» тигізеді.

Бұл туралы 7sunews.kz хабарлайды.

Жасанды интеллектінің даму болашақта көптеген мамандар атқаратаны жұмыстың керексіз болып қалуына себепші болады. Мәселен, 2025 жылдары АҚШ банкінде роботтар өндіріс жұмысының 45 пайызын атқарады, ал қазір бұл көсеткіш — 10%.

Жойылып кетудің алдында тұрған кәсіптер: мәліметтерді өңдеуге қатысты әкімшілік қызметтер, өндірістік мамандар.

Ал роботтандыру 80-100% қамтитын кәсіптер: такси жүргізушілері, наубайшылар, фармацевтика қызметкерлері, сақтандыру агенттері, сатушылар, салық жинаушылар.

Сұраныс азаймайтын салалар ретінде түйсікті талап ететін, адам жанын түсінетін әрі әлеуметтік қарым-қатынасты қажет салалар: дәрігерлер, психологтар, өрт сөндірушілер, полицейлер, әртістер, әлеуметтік және дін қызметкерлері.

Экономика сарапшылары роботтандыру жаһандық экономиканы өзгертіп, табыстың әркелкілігін арттыра түседі деп болжауда. Өйткені, автоматтандырудан төмен жалақылы әрі біліктілік талап етілмейтін қызметкерлер зардап шегеді.

Дегенмен Англияда соңғы 140 жылда жаңа технология алмастырып жабылған жұмыс орындарынан оған қызмет көрсетуші жұмыс орындары көп ашылған.

Фото: PROFESSIONS, дереккөз

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?