Қазақстан жастар арасында суицид бойынша әлемде 4 орынға шықты

Қазақстан жастар арасында суицид бойынша әлемде 4 орынға шықты

Елімізде өзін өлімге қиғандардың қатары артпаса да, азаймай отыр. Жастар арасындағы суицид көрсеткіші жағынан әлем бойынша 4 орындамыз деп хабарлайды Алматы арнасы.

Мамандар осындай ойға қонымсыз статистиканы жариялады.

Алқымнан алған дертке тосқауыл қою үшін отандық мамандар қызылордалық жастарға зерттеу жүргізген. 2012 жылдан басталған бұл жұмыс биыл қорытындыланды. Оған 32 мыңнан аса Сыр елінің жастары қатысқан.

Санақшылардың есебінше, Қызылордадағы 2013 жылы 18 адам өз-өзіне қол салған. Ал, 2015 жылы суицид фактісі 10 адамға дейін азайыпты. Алайда өзін өлімге қимақ болғандар саны үш жылда 4 адамнан 18 адамға дейін өскен.

Суицидпен күрес бағдарламасы биыл Алматы мен Астана бастаған 8 облыста қолға алынады. Қалған 7 аймақ 2017 жылы қамтылмақ.

"Өз-өзіне қол салу - жастарды жаулаған қауіпті дерт деп айтуға болады. Қазір баламен дұрыс жұмыс істейтін ата-ана жоқтың қасы. Бала тәрбиесіне мән бермейді. Айтылған статистикалардың барлығы бірнеше жылдық зерттеудің нәтижесі. Бағдарлама оң нәтижесін көрсетті. Алайда кемшін тұстары да бар",- деді психолог Наталья Имтосими.

Статистика бойынша, еліміз 5-14 жас аралығындағы балалар суициді жағынан әлем бойынша 9 орында. Ал, 15-29 жас аралығындалар бойынша 4 орыннан шығыппыз.

Мамандар болса, республикада суицид көрсеткіші азайғанын айтады. Яғни, 2013 жылы 292 адам қаза тапса, өткен жылғы қаза болғандардың саны 202-ге дейін азайыпты.

Әлемде 40 секунд сайын 1 адам суицидке жол беріп, жыл сайын 800 мың жан көз жұмады екен.

Дереккөз: Алматы ТВ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?