Баян Есентаеваның күйеуі казинода төбелес шығарды деп айыпталды (видео)

Баян Есентаеваның күйеуі казинода төбелес шығарды деп айыпталды (видео)

Ғаламторда танымал продюсердің жұбайына ұқсайтын азаматтың казинода төбелес шығарған видеосы пайда болды. Видео ойынханада орнатылған бақылау камералары арқылы жасалған. Роликтен байқауға болатындай, Баян Есентаеваның жолдасы Бақытбекке ұқсайтын азамат дилерге қол жұмсап, ойынхананың күзетшілерімен төбелескен.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=gjocUKYngVc]

Видеоны жүктегендер: "Есентаев Баха "Карлтон" казиносында $40.000 ұтылып, дилерге қол көтеріп, күзетшілермен төбелес шығарды. Күзетшілер ештеңе істей алмаған", - деген жазу қалдырған.

Ролик YouTube желісінде биылғы жылдың 13-нші ақпанында жүктелген. Бірақ жазба 2015 жылдың қыркүйегінде жасалғанға ұқсайды.

Есентаева Tengrinews.kz сайтына аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Иә, көрдім. Бұл кісінің менің күйеуіме ешбір қатысы жоқ. Тектес адам немесе әдейі аты-жөнін солай таныстырған біреу. Бұл менің күйеуім емес", - деді продюсер.

Айта кетсек, дегенмен халық арасында танымал продюсердің жары құмар ойындарға әуес деген сыбыс бұған дейін де бірнеше рет шығып жүрген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі