Тұсау кесер тойына арналған құттықтау, тілек


Тұсау кесер тойына тілек


Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Шоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік - сахнадан.

Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.

Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.


тұсау кесер, тұсаукесер, құттықтау, тілек, тойға тілек


Қадірлі меймандар! Асыл ағайындар!
Тәй - тәй басқан, таудан асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын бұл қадамы баланың! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін, әрдайым күлімдесін, оқыс басқан қадамы еш уақытта білінбесін!

Бүгін алтын баламыздың тұсауы кесілді, күрмеуі шешілді. Болашағына қадам басты, сол қадамды кішкентай бір адам басты.
Өмір жолы жарқын болсын, қуанышқа бар күн толсын! Көзінен жас ақпасын, удың дәмін татпасын! Батпақтарға батпасын, елін - жұртын мақтасын! Сүрінбесін - әрдайым осылай мен зарлайын! Басына бақ орнасын, Қыдыр оны қолдасын!

Құрметті қонақтар! Ағайын - туыс, бауырлар!
Бүгін тұсауы кесілген азаматымыздың дені сау болып, ата - анасына қуаныш пен бақыт сыйласын. Өмірде сүрінбесін. Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін!

Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыздың өмірі нұрға бөленіп жүрсін! Жүрегі шуақты болсын, білегі қуатты болсын! Сүрінбей алға ұмтылсын, жолын кесіп кім тұрсын! Бақ әкелсін бәріңе – жасы менен кәріңе!


Тұсау кесер тойына ананың тілегі

Оқуда зерек бол, ұйқыда сергек бол!
Істе шебер бол, тұйықта көсем бол!
Ойда мәнді бол, тойда сәнді бол!
Үлкенге тең бол, кішіге кең бол!
Ел үшін жауыр бол, жақсыға бауыр бол!
Достарың сүйінсін, дұшпаның күйінсін!
Құлқынға елікпе, мақтанға желікпе!


Тұсаукесерге әке тілегі мен құттықтауы

Ескен желдей жүйрік бол,
Қарағайдай сүйрік бол!
Өз ісіңе берік бол,
Ата - анаңа серік бол!
Үкідей үлпілдеп тұр,
Жорғадай бүлкілдеп жүр!
Шаршамай шарықтағын,
Ешқашан тарықпағын!
Жолың ашық болсын,
Алдың нәсіп болсын!
Достарың көбейсін:
Доссыз – кедейсің!
Кедергінің кесірі тимесін,
Жақсылық ісің күймесін!
Адымың алға ғана сүйресін.


Атасының айтар тұсау кесерге тілек

Еліңе ырыс - құт орнасын,
Жеріңе тыныштық орнасын!
Өсек аянның құрбаны болма,
Озбырлардың шұлғауы болма!
Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын –
Жігіттің сұлтаны атанып,
Өнерің сегіз қырлы болсын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу