Сахнада баланың аузына түкіріп, теуіп жіберген Төреғали сынға ұшырады (видео)

Сахнада баланың аузына түкіріп, теуіп жіберген Төреғали сынға ұшырады (видео)

Төреғали Төреәлі сахнада өзіне гүл сыйлаған кішкентай баланың аузына түкіріп, кейін теуіп жіберген. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншінің әрекетін қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Желідегілердің бірі әншінің бұл ісін қолдаса, екіншілері қарсылық білдірген.

"Дұрыс! Қазақтың ырымын білетін, жөн білетін бала. Қазіргі әншілер мұндай ырымдардан хабарсыз", "Бойынан нағыз ауылдың иісі аңқып тұрған жігіт қой", "Жарайсың" деп жазған желідегілердің жақтаушы тобы.

Ал әншінің бұл әрекетін ұят санағандар: "Мынаусы несі?", "Сахнада тұрып, осылай істеуге болады ма?", "Баланың аузына түкіріп, тағы тебесіз?", "Кішкентай балаға елдің алдында аяқ көтергенің дұрыс болмады", "Бір түкіргеннен атақты болып кетпейді ғой. Мен олай жасатпас едім" деп жарыса пікір білдірді.

Айта кетейік, аталмыш видеоны әнші өзінің Instagram парақшасына жүктеген.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!