Иса Байзақов (Қызыл флот)

 Иса Байзақов (Қызыл флот)

(«Заман-ай» әнімен)

Теңбіл аспан төгіліп дарияға,
Сәуле шашып көк жібек қонды ұяға.
Көк теңіздің көсілген қиыры жоқ,
Жатыр шалқып көз жетпес бір қияда.

Қайырмасы:
Кемелері советтің,
Сол теңізде күзетте,
Қызыл ері флоттың
Жуытпайды бұл бетке.

Кемелердің екпіні тіліп суды,
Желбірете көтеріп қызыл туды,
Қыстауы мен жайлауы Қара теңіз
Айбынды Отаны бар аты шулы.

Қайырмасы.

Ерлеріме қырағы, қайраты мол
Көк теңіздің асты-үсті барлығы жол.
Қызыл әскер шығарад күл-талқанын,
Отаныма жау егер сермесе қол.

Қайырмасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!