Иса Байзақов (Ақ дариға)

 Иса Байзақов (Ақ дариға)

Оқысаң өнер-білім қайнап тұрған,
Айнала алтын сәуле жайнап тұрған,
Жасырын жаратылыс сырын шешіп,
Жол ашық, төрт құбылаң сайрап тұрған.
Бауырлас барлық ұлттың балалары,
Даналық, социалистік алған нәрі,
Адымы күн-күн сайын алға өрлейді,
Күннен де жарық дейді жердің шары.
Алдыңнан сәулелі нұр төгіледі,
Миуа ағаш мың түрленіп егіледі,
Тұрмысқа социалистік жеткен үшін,
Машина ат орнына жегіледі.

Мінеки біздің бақша гүл жамылған,
Бұлбұлы бұта сайын әнге салған.
Алма ағаш, өрік, мейіз бәрі осында
Толықсып мәуелері пісіп тұрған.
Мөлдір су тастан орғып, таудан құлап,
Бұралып бақша сайын аққан бұлақ,
Бағамын әр бақшамды алтындай ғып,
Миуалы бақ қойнында біздің тұрақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!