Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Алма бағында)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Алма бағында)

Жаймашуақ жазғы күн,
Жасыл гүлге бөленген.
Жардай күліп көз тартып,
Алма бағы көгерген.
Алма бағын аялап,
Есті ақырын жұпар жел.
Билеп кетті көлеңдеп,
Бұтақтары бұраңбел.
Толқы торғын алма бақ,
Сүй аялап жұпар жел.
Жастық әнін шырқайық,
Жас сұлулар, бері кел.



Комментарии для сайта Cackle