Нұртас Адамбай депутаттыққа жанталасқан әртістердің не көздейтінін айтты

Нұртас Адамбай депутаттыққа жанталасқан әртістердің не көздейтінін айтты

Танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбай сайлауға түсетін әртістер жайында Facebook парақшасында өз пікірін білдірді және олардың шын мәнінде не көздейтінін баяндап өтті.

"Шынымды айтсам, қатты алаңдай бастадым, заң шығарушы органның өкілі болуға бәрі де жанталасып жатыр. Қолдарынан келе ме, жоқ па - ол жағы оларды қызықтырмайды. Бастысы депутат атанса болды. Олар еліміздің жағдайын жақсарту үшін емес, жай депутат болу үшін сайлауға түспек", - дейді актер.

Нұртас Адамбай мұндай дардай атаққа ұмтылған әріптестерінің ақылды кейіп танытып, қарапайым халықтың қажеттілігін сұрағандай болып, бірдеңе өзгертуге тырысатын қалпын сөз етеді.

"Туысқандары оларды төріне шығарып, балаларына үлгі етіп айтады. Олардың көздегені сол", - деп кейіді актер.

Актер депутат болмақ әртістерді пайымы төмен режиссерлерге теңеді. Әлгі режисссерлер креслоға жайғасып алып, шәйін біреу әкелсін, сценарийді екіншісі әкелсін деп бұйрық беріп, маңғаздана сөйлеп, актерлерге "ақыл" үйретеді.

"Түсірілім алаңында маған біреулер келіп, "сен режиссерсің, актерлерге өзің барма, оларды сенің алдыңа көмекші шақыру керек" деп көлгірсіді. Міне, кейде ісінен бос сөзі көп осындай режиссер-сымақтар болады", - деді актер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі