Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Ұзан)

Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Ұзан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Құлақ ауруынан, кереңдіктен айығу үшін оқылатын дұға

Мен—Отпын, өртпін ғой мен лапылдаған,
Лебіме жан шыдымас жақындаған.
Болғанда өзім—жерде,
Тәңірім—Көкте,
Шерімді Соған айтып, лақылдағам...

Ұстаған, соңсоң, мені Ол биіктетіп,
Пендеге—жат,
Өзіңе—сүйікті етіп.
Жаныма жақындасаң күл боларсың,
Жасыным бір жеріне тиіп кетіп.

Көкірек—шер де, кеудем—ыза менің,
Түркі-Оғыз заманында Ұзан едім.
Тәңірім алқап,
Жебеп Аруағым,
Ноқат боп көз ұшында ұзап едім.

Алаштың жүріп тағдыр-таланында,
Енді кеп табанында қаламын ба?!
Доспанбет,
Асан Қайғы,
Шалкиіз ем,
Керей хан--Әз Жәнібек заманында.

Бір тауар бір кісінің жарты құны,
Бүгінде базар—думан,
Сарт –үкілі.
Кімге айтам құл тұқымы түгіл, онда
Аузыма қараған деп хан тұқымы.

Өңезге болмай айтқан өкімі—екі,
Өлеңнің жүрген кезі-ай, өкілеті:
Сүйген-ді мені Тәңірі,
Соны сезіп,
Именді тексіз кеңес өкіметі!

Арсы мен гүрісіге бір шарқ ұрғасың,
Һас тұлпар қалай қажып, алқынбасын.
Болдғанда Алаш—азат,
Аяр—мазақ,
Абдырап қалды-ау, қайран, алтын басым.

Ұзан*—Ақын,Жыршы(көне түркі-қыпшақ тілінде)

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне сыйлық таңдаймыз



00


Комментарии для сайта Cackle