ZHARAR > KZ > Мақал-мәтелдер > Мақал-мәтелдер: Жалғыздық

Мақал-мәтелдер: Жалғыздық

Мақал-мәтелдер: Жалғыздық
Жалғыз ағаш орман емес,
Жалғыз кірпіш қорған емес.

Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз биеге саба толмас.

Жалғыз жігіт би болмас,
Жалғыз ағаш үй болмас.

Жалғыз ат мініс емес,
Жалғыз аяқ жүріс емес.

Жалғыз аттық пайдасы көп,
Жалғыз жігіттіқ айласы көп.

Жалғыз жаққа жанбайды,
Жалғыздың ісі оңбайды.

Жалғыз түйе - бақырауық,
Жалғыз бала - жылауық.

Жалғыз қаздың үні шықпас,
Жалғыз қыздың мұңы шықпас.

Жалғыз ағашты жағу қиын,
Жалғыз баланы бағу қиын.

Жалғыз иттің үргені білінбес,
Жалғыз адамның жүргені білінбес.


Жалғыз біткен дәулеттің,
Жалғыз айтқан әннің сәні жоқ.

Жалғыз тері тон болмас,
Жалғыздың сөзі оң болмас.

Жалғыз шапқан ат жүйрік.

Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес.

Жалғыз атты жарыстан қалмас.

Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.

Жалғыздың ісі өнбейді,
Жаяудың жүрісі өнбейді.

Құдай жалғыз, мен жалғыз.

Жалғыз жігіттің басына іс түссе,
Ақылынан адасады.

Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бал ашады.

Жалғыз бала атқа шапса,
Шешесі бұтын, әкесі тақымын қысады.


Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй емес.

Қанша жақсы болса да,
Жалғыз адам би емес.

Жарлы болар жігітке
Қазалы мал тап болар.

Жалғыз болар жігітке
Бедеу қатын тап болар.

Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.

Жалғыз шала сәуле болмас,
Жалғыз шырақ тәубе болмас.

Әр бала бір жалғыз.

Кедей болар жігіт
Биесін сатып, ат алар.

Жалғыз болар жігіт
Ағайынмен ұрысып, жат болар.

Атадан алтау тусаң да,
Басыңа түсер бір жалғыздық.

Үй арқада, бала белде.


Салт атты, сабау қамшылы.

Бір де болса, бірегей.

Жаманның сөзін сөйлеме,
Жалғыздың дауын даулама.

Бір кісі мың кісіге олжа салар.

Қарғайын десем жалғызымсың,
Қарғамайын десем жалмауызымсың.

Жалғыз үйдің қарғасы боққа тоймас.

Жанашырыңыз жоқ болса,
Жатпен жалғыз жүрмеңіз.

Қоштаушыңыз жоқ болса,
Біле тұра білмеңіз.

Егіз аттан жығылса,
Басын сүйер ағасы.

Жалғыз аттан жығылса,
Неге келер шамасы?

Андалама,
Андызда оқ тиеді жалғызға.


Жалғыздық - бір
Тәңірдің сыбағасы.

Жалғыздың жағы бір Құдай.

Туырлықсыз тұл үйге
Ту байлаған не керек?
Туысы жоқ жалғызға
Жауға шабу не керек?

Жалғыз кісі жауынгер емес.

Жалғыз кісі жау алмас.

Жалғыз жігіт жарымас.

Жалғыз бала жат бауыр.

Жалғыздың діні қатты.

Жалғыздың ісі бітпес.

Жалғызға жұмақ та жараспайды.

Жалғыз батыр жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.

Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Уали.кз - Сегодня, 09:33
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мен

Гость аян - Сегодня, 07:52
Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

керемет тілектер

ZHARAR - Сегодня, 04:01
Адам  🙎‍♂️ және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер жинағы

кушти макалдар

Надирова әсем - Вчера, 23:28
Мақал-мәтелдер: Қорқақтық

Қорқақ қорқақ қорасында иті бар дмбалында биті бар

Исаева Талмаш - Вчера, 23:13
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

керемет бжб, тжб

Гость Аяулым - Вчера, 22:47
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 52 246сандарын жай кобеиткишке жиктеу керек отиниш бул жиынтык багалау

Катя - Вчера, 22:32
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

А7шво272оннн6ублсщ

Дана Лирисова - Вчера, 22:30
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ИНФОРМАТИКА БЖБ КЫМДЕ БАР В ЛИЧКУ ПОЖЕ

Жемис - Вчера, 21:34
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өте жақсы дайындалған тоқсандық жиынтық тапсырмалар. Маған өте ұнады. Іздеген дүниенді осы сайттан табуға

Зархан фатима - Вчера, 21:15
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Оп оңай Қаз тарихтан бжб