Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жас келін)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жас келін)

Жаңа түскен жас келін,
Кемпірлерге ас келін.
Орамал-шаршы бермесе,
Абұйырсыз тас келін.
Алғанға қабақ шытпаса,
Сонда болар бас келін.
Жаңа түскен келіншек
Болмайды тіпті еріншек.
Құдайдың берген тоқтығы -
Ac болады ірімшік.
Жас келіншек - тоқ қонақ,
Болмайды тіпті сұғанақ.
Арып-талып жүрсе де,
Ойлайтыны жақсы атақ.
Бұрқыраған дауылда,
Сабап құйған жауында,
Ләм деп бір сөз шығармай,
Жас келін жүрер сауында.
Бірін бірі іздескен,
Қараңғыда көздескен,
«Басым жерге кіргенше,
Жаным - сен!» деп сөздескен.
Жас келіннің күйеуі -
Мұңын ашар сүйеуі.

  • 0


Комментарии для сайта Cackle