Математика | Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау

 Математика | Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау

Ашық сабақ тақырыбы: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау
Сыныбы: 6-сынып
Пәні: Математика
Сабақтың мақсаты: Оқушылар теңбе-тең өрнектердің анықтамасын; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып алгебралық өрнектерді оған теңбе-тең өрнектерге түрлендіруге болатындығын; өрнектің алғашқы түрі мен ықшамдалған түрінің теңбе-тең өрнектер екендігін білу;

Міндеттері: - Оқушыларды алгебралық өрнектерге мысал келтіру, әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге ,өрнектің мәнін таба білуге үйрету; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік заңдарын пайдаланып, алгебралық өрнекті теңбе-тең түрлендіріп ықшамдауды үйрету;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар
Сабақтың типі: жаңа білім
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ә) оқушыларды 3 топқа бөліп, топ кеңесшісін белгілеу

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.

Қосу мен көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

3/7 + х+4/7 – х; 2) 0,4а*0,5в*10с

ІІІ. Мағынаны тану

1)Қосу амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып,алгебралық өрнектерді ықшамдау

4а + (6а – 5)=(4а + 6а) – 5=10а – 5

2) Көбейту амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып,алгебралық өрнектерді ықшамдау

(1/5*3/4 х)*8/9=1/5*(3/4х*8/9)=2/15х

3) Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып,алгебралық өрнектерді ықшамдау

9(2а+3)=9*2а+9*3=18а+27

4)Алгебралық өрнектердегі бөлшектерді қысқарту тәсілімен ықшамдау

12ав/6а=2в

5)Алгебралық өрнектің мәнін табу

7*(х+3)+5, мұндағы х=-4

7*(х+3)+5=7х+21+5=7*(-4)+26=-28+26=-2

Математикалық лото

5а*3в*2 8в*(-0,25) 18авс/27с

5/6 а+2/3-1/6 а 0,7(9+5в) 1/6(4в-3/5)

8/9 х*(-3/4) 6авс/15а 0,13(5х-10)

Жауаптар: 2/3 ав;2/5 вс; -2/3 х;-2в; 30ав; 6,3+3,5в; 6,5х-1,3; 2/3 в-0,1; 2/3(а+1);

ІІІ. Ой толғанысы

Оқушылардың білімін бағалау


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі