Қожа-молда, имам

 Қожа-молда, имам

Қожа, молда сабақтас.

Қожа құлақтас, молда сабақтас.

Қар жауды деп қуанба, аязы бар,
Қожа келді деп қуанба, ниязы бар.

Қожаң берсе, қойныңа сал.

Қожа, молда елді аздырады,
Қурай, құмай жерді аздырады.

Қорыққан молда мешіттен ұзамайды.

Дүмше молда дін бұзар,
Қисық арба жол бұзар.

Екі молда - бір кісі,
Бір молда - жарты кісі.

Шала молда шарық айтар.

Аңқау елге - арамза молда.

Өлтіретін молда көп,
Өртейтін кітап көп.

Молда білгенін оқиды,
Қарға көргенін шоқиды.

Мол берсең, молда да бәйек болады.

Жаман сопы - тобашыл,
Жаман адам - табашыл.

Ақ сәлделі қожадан
Ақ жаулықты қатын артық.

Аюға бас үйреткен - таяқ,
Молдаға намаз үйреткен - тамақ.

Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.

Құнарлы жерде бұқа семіреді,
Құранды жерде молда семіреді.

Молдадан хат қалады,
Жақсыдан зат қалады.

Әкімге қарсы келме,
Күніңе кемшілік келер,
Молдаға қарсы келме,
Дініңе кемшілік келер.

Қожаның көңілі құртқа шабады,
Көжесінің қатығы жоқ.

Молдалының тілі - сынық,
Төрелінің тізі - сынық.

Құдайдың өзіне дұға үйреткендей.

Молда «бер» деген сөзді білмейді,
«Ал» деген сөзді біледі.
Надан молда - намазқой.

Молданы мазарда көр,
Делдалды базарда көр.

Молданың сәлдесі ақ болғанмен, ниеті қара.

Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен.

Молданың істегенін істеме, айтқанын істе.

Молда өзін бір алдайды,
Өзгені екі алдайды.

Өлейін деп өліп бара жатқаным жоқ,
Молдадан ұялғаннан өліп бара жатырмын.

Қожа, молданы басындағысынан білерсің,
Бек пен төрені қасындағысынан білерсің.

Ала шапанды молда да бір,
Ала қанатты сауысқан да бір,
Екеуі де арам ниет:
Жығылғанда - қасыңда, өлгенде - басыңда.

Молда ашықса, базар кезеді,
Сопы жұтаса, мазар кезеді.

Мүләйімсіген молдадан қаш,
Ала шұбар жыланнан қаш.

Молданың қылғанын қылма, айтқанын қыл.

Қалтаң құр болса, молда саңырау.

Сопы үгітшіл келеді,
Молда үмітшіл келеді.

Алла білгенді молда білмес.

Сорлының тамағын дүмшенің
«Біссімілласы» тауысады.

Шала молда шарт етер.

Тентек молда — телмірген өгіз.

Шала молда - жалтақ,
Сөйлер сөзге шорқақ.

Қожа бардағы күн қайда?

Қой аяғы - кілмек,
Қожа аяғы ілмек.

Қожаның қарны тоқ,
Құлымен жұмысы жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?