Ерке Есмаханның ағасы қарындасы туралы бар сырды ақтарып салды

Ерке Есмаханның ағасы қарындасы туралы бар сырды ақтарып салды

Ерке Есмаханның ағасы Бауыржан Есмахан nur.kz тілшісіне қарындасы туралы сырларын жайып салды. Қазір «Алло» әнімен көптің ықыласына бөленіп жүрген эстрада жұлдызының танымалдығына анасының дұғасы себеп болуы мүмкін.

«Менің есімде, анам Еркеге аяғы ауыр болған кезде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тұрдық. Анамыз «қызымды әнші қылып өсіремін» деп ішін алақанымен айналдырып, «Айша бибі» әнін айтатын еді. Дінде ананың балаға жасаған батасы Пайғамбардың батасы сияқты делінеді. Мүмкін, Алла анамның қызына деген жүкті кезіндегі дұғасын қабыл еткен шығар. Қазір Ерке өз көрермендерінің қошеметіне бөленіп жүрген әншілердің бірі. «Айша бибі» әні де Еркенің авторлығында тұр. Алғашқы бейнебаянды да «Айша бибі» әніне жасады»,-дейді әншінің ағасы Бауыржан Есмахан.

Еркенің өнерге жолдан қосылмағанын айтқан ағасы отбасының кенжесі ерке болса да, еңбекқор болды дейді.

«Ерке ауылда тұрған кезде музыка мектебінде оқыды. Ақтөбеге келгенде музыкалық училищені бітірді. Ол өнерге жарты жолдан қосылған жоқ. Алматыға барған кезде де консерваторияда білім алды. Өнердің барлық сатыларынан өтіп келеді. Кейбіреулер қаражат жинап алып, орта жолдан қосылып кетеді. Мен қарындасымның ашық-шашық шығып, өнер көрсетпейтініне қуанамын. Шоу бизнестің өз жолы бар шығар. Мен басқаларды сынамаймын, әркімнің бөлек бағыты бар. Бірақ менің қарындасым бірыңғай қазақы, халықтың әндерді айтады»,-дейді қарындасының жетістігіне көңілі толған ағасы.

Ерке өзінің отбасы туралы Instagram парақшасына жиі жазып тұрады. Ол үйінің кенжесі. Өзінен үлкен екі әпкесі мен екі ағасы бар. Әкесі Әбдіраш қазақ тілі қоғамының төрағасы, кіші ағасы облыстық дін істер басқармасының басшысы.

«Ерке атына заты сай ерке қыз. Соның ішінде маған көбірек еркелейді. Жеке өміріне байланысты да сырын айтады. Дін жолында бұл әрекетім асыра сілтеушілік болмай ма, қате болмай ма немесе сауап жасағым келеді, қандай нәрселерге барғаным дұрыс деп ақылдасып тұрады. Анамның жүкті кезіндегі арманы мен «Айша бибі» әнінің бейнебаян болып шыққанға дейінгі өмірін қарасам, анамның дұғасы мен қарындасымның жетістігінде байланыс бар. Отбасымызда Еркенің өнердегі жетістіктеріне қатты қуанатын анам»,-дейді Ерке Есмаханның ағасы.

Еркенің ағасы Бауыржан Есмахан да «адамдардың арасында жүрген жақсы екен» деп автобуста жасаған селфиімен қазнеттің жұлдызына айналған болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!