Айбек Бестенқұлов (Қызым болсаң)

 Айбек Бестенқұлов (Қызым болсаң)

Кездесуге тез келдеп асықтырам,
Жүзiмнен шуағымды шашып тұрам.
Бiр тәулiкте "жиырма төрт" сағат болса,
"Жиырма бес рет өзiме ғашық қылам.

Қызым болсаң бақытты көрсек деймiн,
Бойменен салмағыңды өлшетпеймiн.
Сенi жақсы көргенiм соншалықты
Өзiмнен өзге ешкiмге көрсетпеймiн.

Жанарыңа қылмаймын мұңды жақын,
Сыйластықтың өзiнше бiлдiк атын.
Жыныңа көп тимеймiн менiң қызым
Өскенде болмау үшiн жынды қатын

Жер бар ма махаббаттай өлкеге тең,
Мен сенiң күлкiңдi де көркем етем.
Құдайдан жеткiрсiң деп ұрыспаймын,
Құдай бере салған деп еркелетем.

Төменнен терезеңе гүл атамын,
Шығарам ғашықтардың шын атағын.
Бiр саты төмен тұрсаң құп көремiн,
Әйтпесе сол сатыдан құлатамын,
Қалжың ғой...
Жаным сенi ұнатамын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?