Елiм деп соғар жүрегiм

 Елiм деп соғар жүрегiм

Нұрболат Милена Нұржігітқызы, 7-сынып оқушысы,
Бейнеу лицейі, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Жетекшісі: Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы,
тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі

Жоспары:

І. Кіріспе.Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
ІІ. Негізгі бөлім. Елім деп соғар жүрегім.
ІІ.1. Көне жазбалардағы патриоттық құндылық.
ІІ.2.Даналардан шыққан сөз .
ІІ.3.Ата-баба ерлігі ұрпаққа үлгі.
ІІІ. Қорытынды.

Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын.
Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өзімізді патриот болуға тәрбиелей аламыз.
Ал енді Патриот дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз. Жалпы «Патриот, Патриотизм» - дегеніміз кең ауқымды, көп сатылы ұғым. Яғни оны қатып қалған бір сөзбен немесе бір сөйлеммен, немесе бір пікірмен түсіндіру мүмкін емес.
Патриотизм - ұғымының түп тамыры гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны береді.
Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне сен патриотсың. Патриот болу тек қана ұлттық киім киіп немесе халық әндерін тындау емес, тіпті бұларды істемеуге де болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді.
Көне түркі заманынан бастау алған пат¬риоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былайша суреттеледі: «Елтеріс қа¬ғанның алғырлығы, еліне деген сүйіс¬пеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді», – дейді.
Немесе сол жазбада “Ей, Түріктің бектері, халқы! Сендер алауызсыңдар, таққа кіріптарсыңдар. Ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті-халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен, билігіңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, барған жерде не пайда таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрік халқы, өкін!” дейді.
Сай-сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді Күлтегін ескерткішінен оқимыз. Басынан кешкендерін мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен бабалар тасқа осылай, қашап жазып кеткен.
Осы көне жазу арқылы қазақ хал¬қының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болмағанын, ол ежелден бері қалыптасқанын байқаймыз. Ықылым заманда жазылып, бізге дейін жеткен «Қорқыт Ата» кітабында тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көп кездеседі. Мысалы, «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омырт¬қасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шы¬ғарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық» – дейді. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын был¬ғамау туралы ойлар ұлы даланың байтақ¬тығын, әдемілігін көрсетеді. Бұл пайым сөз¬дер әр қазақтың мақтаныш сезімін тудыратыны анық.
Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін былай жеткізеді. «Ме¬нің патриоттық сезімім ірбіт санды¬ғындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», – деген. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бас¬тау алып, әулет, тумаластарға деген сүйіс¬пен¬шіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы ел¬дердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патрио¬тизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.
Хәкім Абай қашанда тазаруға, бауырмалдыққа, әділеттілікке шақырады:
Махаббат пен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
Және сүй, хақ жолы деп әділетті.-дейді.
Осыдан жүз жыл бұрын Абай қазақ намыстан, ар-ұяттан, береке-бірліктен айырылды деп күңіреніп еді. Құлдық санаға уланған ұрпақ сол Абай айтқан намыс, ар-ождан, береке-бірлікпен қоса, тілімізден, дінімізден, қайырымдылықтан, мейірімділіктен айырылып қала жаздадық. Елдің елдігін сақтап тұратын – намыс. Намыссыз жұрт елін де, жерін де қорғай алмайды. Көрінгеннің шылауында кетеді. Міне, Абай өле-өлгенше осыны айтып кетті.
Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» атты шығармасында адамның жеке психоло¬гиясының сырын ашқан. Ол: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-сау¬лығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байла-ныстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, мемлекетті нығайту деге¬німіз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бү¬гінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасын біріктіреді», – деп терең, жан-жақты анықтама берген.
Біздің ата-бабаларымыздың патриот болғанын олардың елін, жерін қорғауы мысал бола алады. Хандарымыз, батырларымыз күн демей, түн демей елін қорғаған, олардың жасаған ерліктері бізге, яғни ұрпаққа үлгі. Олардың ерліктерін оқып отырғанда кеудеңді мақтантаныш сезімі кернеп, отанға деген махаббатымыз оянады.
XIX ғасырда адай елінде Балуанияз және Тұрмамбет атты батырлар өмір сүрген. Олар кез-келген жауды жер жастандыратын, еліне тигенді жайрататын батыр болған. Олардың патриот болғанын мына өлең шумақтарынан білеміз:
Балуанияз:
Салсам деп ем жауыма бұлағай сын,
Құрдастардың ішінде дүр адайсың.
Жау тиді деп Еліңе, ей, Тұрмамбет,
Неге менен сүйінші сұрамайсың?-
осы жолдарда Балуанияздың батыр, елі үшін аянбайтын патриот екенін көре
аламыз. Міне осылайша тарихи тұлғаларымыздан үлгі аламыз.
Ойымды қорыта келіп,ата-бабадан қалған көне жәдігерлерді бүгінгі ұрпақ дәріптеп, оны кейінгі ұрпаққа бүтіндей жеткізсе дегім келеді. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ұлы Абай қазіргі заманды көрегендікпен болжай білген. Осы Ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Мағжанның шығармаларымен қатар қазіргі заманның М. Шаханов сынды ақиық ақындары мен Жерлесіміз Ә. Кекілбаевтай кемеңгер жазушылардың шығармаларын оқып өскен ұрпақ өз елінің қорғаны, нағыз патриоты болатынына сенімдімін.Мен өз замандастарыма рухани байлығымызды молайту үшін кітап оқуды ұсынамын.
Жұрт дегенде жұмылатын,
Ел дегенде егілетін - жастарымыз болса Қазақ елінде патриоттықты көркейтуге мүмкіндік көп болар еді.Қазақ елінің одан әрі өсуіне осы патриоттар көмектесетінін естен шығармаған абзал!
Біздің елбасымыздың,ақын-жырауларымыздың айтатыны бір нәрсе.Осы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.Әрине,оларда бұған атсалысуда,бірақ осыны кейбір жастарымыз түсінбей тіпті өзінің тілін ұмытып жүргендер де аз емес.Осылай жалғаса берсе Қазақ елінің жойылып кетпейтініне кім кепіл бола алады? Сондықтан да Қазақ елінде патриот адамдар көбейсе,қазақ елі сөзсіз көркейер еді.
Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриоттық сана-сезімді қалыптастыруға зиянын тигізіп отырған, оларға рухани жұтаңдық әкеліп отырған ақпарат құралдары өте көп. Сондай-ақ, көптеген жасөспірімдердің нашақорлыққа, маскүнемдікке, қаңғыбастыққа берілуінің сырын экономикалық жайттардан гөрі рухани босаңдықтан іздеген жөн. Жастардың бойында мәдениетімізге, қазақи барлық құндылықтарымызға, иманымызға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, оларды құрметтеуге тәрбиелесек, еліміздің рухани байлығын сақтап қала аламыз.
Сондықтан да жастар бірімізді біріміз бауыр тұтып, егеменді елімізді сүйіп, отбасымызды сүйіп, жүрегімізді мейірімге суарып, көңілімізді адалдықпен ақтап, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, теңдесі жоқ Тәуелсіздігімізді сақтап,Қазақстан патриоттары болайық! Мен айтайын деген бір дүние осы еді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: елим деп согар журегим шыгарма казакша, елим деп согар журегим туралы шыгарма казакша, елім деп соққан жүрегім шығарма, елім деп соққан жүрегім эссе, елім деп соққан жүрегім, шығарма, эссе, елим деп согар журегим, шыгарма казакша, шыгарма, казакша, мен патриотпын шығарма, мен өз отанымның патриотымын эссе, мен қазақ елінің патриотымын шығарма, патриот туралы шығарма, патриотизм туралы шыгарма, сочинение на казахском языке о патриотизме, патриоттық шығарма, патриоттык шыгармалар, патриот, сочинение на казахском языке, о патриотизме, сочинение, на казахском языке, мен патриотпын, мен, патриотпын, елім деп соғар жүрегім шығарма, елім деп соғар жүрегім эссе жазу, елим деп согар журегим шыгарма, мен қазақстан патриотымын шығарма, мен қазақстанның патриотымын эссе, мен қазақстанның патриотымын реферат, мен казакстан патриотымын шыгарма