Жігітпен танысу амалдары

Жігітпен танысу амалдары

"Ер жігітпен танысу - тәрбиелі қыздардың ісі емес". Көпшіліктің ойынша, жігіттің өзі алғаш қадам жасау керек. Алайда ұнатқан жігіт "тежегішін" қосса, ал сіз оны қатты ұнатып, мүмкіндікті жібергіңіз келмесе ше? Көңілін аудару үшін оның алдында ойнап-секіру керек пе? Оны еркін, көңілді әңгімеге қалай көндірсе болады? Кеңестерді оқи отырыңыз.

Ол туралы қызықты фактті болжап айт

Жігітке мұқият бірнеше минут қарап-ақ оның қызығушылықтары, тұрмысы, ұнататын музыкасы және т.б. жайлы кейбір қорытындылар жасауға болады. Тәуекелге барып болжамдарыңызды айтып көріңіз. Тура тапсаңыз, әңгімелеріңіз жарасып кетеді. Олай болмаған жағдайда да, сөз бастамасы болары анық. Осы қызығушылығы жайлы біраз әңгіме айтып, кейін қалай тілдесіп кеткендеріңізді байқамай да қаласыз. Мысалы оның құлақшынындағы ойнап тұрған музыканы танысаңыз, "Бұл бәленше тобы емес пе? Олар менің сүйікті орындаушыларым!" деуде тұрған еш ағаттық жоқ.

Оны танығандай болыңыз

Психологтарда "3 секунд ережесі" деген қағида бар. Ол бойынша, сіз жігітті көріп, ұнатқан бойда, оған жақындап әңгіме бастауыңыз керек. Осы жағдайда бір-біріңіздің көңіліңізден шығу мүмкіндіктеріңіз әлдеқайда жоғары. Ал бір уақыттан кейін, "Қалай жақындаймын?", "Не деймін?" деген сұрақтарды өзіңізге қоя бастағанда, бұл әсер кетеді екен. "Қалай жақындаймын?" сұрағына жауап мынау: оны танып қалғандай болыңыз. "Мен сізді бәленше жерде көрдім емес пе?" не "Марат? Қалайсың?" сынды сұрақ осы жағдайға әбден келеді.

Сыйлық тарту етіңіз

Қалтаңызда не сөмкеңізде жатып қалған кез келген зат сыйлық бола алады. Кәмпит, қалам, ескі аудио табақша сынды ұсақ-түйек бір затты алып, "Мынаны сізге сыйлағым келіп тұр" десеңіз, бұл жігіттің жүрегін жібітіп, көңілін сізге аудартатыны анық-ақ. Әңгіме қылатын тақырып та табылды.

Қалжыңдаңыз

Әзілге жақын қыздар жігіттердің арманы. Әзіл-қалжыңмен ортаның көңілін көтеріп, баршаға күлкі мен мейірім сыйласаңыз, қай жігіт сізбен өзі танысқысы келмейді екен? Қоғамдық ортада ыңғайсыз жағдайлар болып қалса (автобуста ол сізді итеріп қойды, не сіз оның аяғын басып кеттіңіз), жәй "Кешіріңіз"-дің орнына әзілдеп жіберіңіз. Күлімсіреген қызбен таныспау обал емес пе?

Оның көз алдында болыңыз

Көшеде бір жігітті ұнатып қалдыңыз ба? Артынан қарап "Шіркін" деп күрсінгенше, оның көз алдына шығып, көрініңіз. Ол да сізді байқау керек қой? Танысуға өзі де ниеттенуі мүмкін.

Дайындаған: Сания Аринова, сурет, дереккөз



Комментарии для сайта Cackle