Нұрболат Жолдасбек

 Нұрболат Жолдасбек

Сезіміне сенімін серік еткен,
Күтіп жүрсем сағынып сені көктен.
Ай!
Сен көктемді сүйгенсің - мені көктем,
Жалын боп дем.Бағың деп тәңір көктен.

Еңсесі құрып барып жығылды күн,
Жел есіріп көрсең ғой жүгіргенін.
Қызғаныштан өртеніп саған қарай
Созғанында соңғы рет іңір қолын.

Ұнатпаймын өзіңсіз түнді де енді,
Қол ұстасып менімен мұң жүреді.
Көп күрсінген көктемнің жауынында
Ай жүр ме екен өзгемен кім біледі?

Кім біледі? Көктем бе?
Түн,күз?..олар
Түк білмейді,сөндірді күнді жанар.
Жол көрсетіп жүр бәлкім жұлдызы оған.
Шатырыңнан еріп кеп қатып қалғам,
Көктем,сыйладым мұңды саған.

Ай!
Мен ғашықпын...
толқимын,дірілдеймін,
Күлімдеймін,өткенге үңілмеймін.
Жылап қоя береді іңір кей күн.
...Ей,көктем – ау,түсінем мұңыңды енді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі