Ғабиден Қожахмет (Ұясынан ұшып барады бір құсы)

 Ғабиден Қожахмет (Ұясынан ұшып барады бір құсы)

Келешекке ой көзімен үңіліп,
Жастық жүзден сезімі асқақ білініп,
Бақытының кілті сонда екенін
Ару жүрек іштей сезіп, ұғынып,
Сол мақсаттың баян жолын арман ғып,
Екі елді мың жылдыққа жалғантып,
Өзі туып-өскен бүгін әулетке
Той қылдырып, әрі тағы толғантып,
Ұясынан ұшып барады бір құсы.

Апарар деп арманға асқақ жаңа күн,
Бақытына тігіп нәркес жанарын,
Ұшып барады бұл әулеттің бір құсы.

Аққуы еді ардақ тұтар әкенің,
Қызығы еді әлпештеген ананың.
Енді бүгін бақытына ұмтылды,
Асыға да күткендей-ақ бұл күнді.
Содан ба екен талай жүрек толқыды,
Жанарларға шаттықты жас іркілді.

Бақытын да тілеуші еді үнемі,
Аунап түсті бауырлардың жүрегі.
Сондықтан да тілектес боп олар да
Осы әулеттің ұзатылған гүліне
Бақыт жолда баянды бақ тіледі.

Бұл әулеттің тәлімін де сезесің,
Сыйлаушы еді ардақты ата-әжесін.
Сол ата-әже бата берді өз қызына,
Дегендей-ақ бір отауға егесің.
Бабалар мен аталардың әруағы
Деді әрдайым ұлы өмірде жебесін.
Ұзатылып бара жатқан бақ жолың
Бақыт нұрға деді әр кез бөлесін!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі