ZHARAR | KZ ✅ | Кеңестер | Түс жору. Қандай түс көрдіңіз?

Түс жору. Қандай түс көрдіңіз?

Түс жору. Қандай түс көрдіңіз?

Сөздікке жүгінер болсақ, түс дегеніміз – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер. Екі аяқты, жұмыр басты пенделердің арасында түс көрмегендер қатары жоқ болар, сірә? Шырт ұйқыдан ояна сала, түні бойы көрген түстерімізді жори алмай әбігерге түсіп жатамыз. Ерекше түс көре қалсақ, күні бойы өз-өзімізге келе алмай, айналамыздағыларға қайта–қайта айтумен болып, «Түс – тәңірдің аяны» дегенге сеніп, көрген түсіміздің ненің нышаны екендігін білуге асығамыз. Ал енді біреулеріміз «Түс – түлкінің тезегі» - деп, қолды бір сілтеп, мән берместен жүре де береміз. Дегенмен, ақиқатқа айналып жатқан түстеріміз қаншама? Сондықтан, халқымызға тән салттарға сүйене отырып, сіздердің назарларыңызға түс жорудың бірнеше үлгілерін ұсынуды жөн көрдік.



Қажетті сілтемелер:


Егер адам түсінде:

Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
Жақсы көйлек кисе - кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
Өзінің өліп қалғанын көрсе - онда өңінде ұзақ жасайды.
Кісі әйелдің қойнында жатса - онда өңінде оның дәулеті артады.
Тыржалаңаш жүрсе - өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
Басына тәж кисе - онда ол өңінде байлыққа ие болады.
Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау - бақытты болудың нышаны.
Жылаған болса – өңінде қуанады.
Аспанда тұрған айды көрсе - өте жақсы белгі, мұратына жетеді.
Күнді көрсе - мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
Жұлдыздарды көрсе - балаларының дәрежесі жоғары болады.
Өзен көрсе - кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.
Баққа кіріп, оны аралау - жақсылықтың белгісі.
Қызыл гүл көрсе - онда өңінде бай болады.
Бал арасын қуып жүрсе - өңінде пайдаға жолығады.
Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
Суда жүзіп жүрген балықты көрсе - адам өңінде перзент сүйеді.
Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе - онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
Үйіне түскен ұрыны көрсе - онда ол өңінде табыс табады.
Шашын алдыратын болса - онда ол өңінде кедейленеді.
Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
Үйленген болса - тілеп жүргеніне жетеді.
Алтын көретін болса - онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.
Жағымсыз иіс - өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
Қолын жуса - өңдегі мазасыздықтан арылу.
Көпірден өткен кісі - өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
Әлдекімді ұрып-соқса - онда дұшпанын кекетеді.
Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе - жақсы нышан.
Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.
Тісін сындырып алу - өңде досын жоғалтып алу.
Ақ түсті киім кисе - онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.
Сары түсті киім кисе - онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
Қызыл түсті киім кисе - онда ол өңінде ел билеген болады.
Қара түсті киім кисе - өңінде қайғыға ұшырайды.
Құс ұстап алатын болса - онда ол өңінде үйленеді.
Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
Қыранды көрсе - дәрежеге ие болады.
Көгершінді көрсе - өңінде оның ісі оңғарылады.
Ақ қоян енсе - онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе - онда қыс жайлы болады.
Ит қабатын болса - өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
Ас ішсе - өңінде мол дәулетке ие болады.
Ет жесе - өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді.
Балық ұстап немесе жеп жүрсе - өңінде дәулеті артады.
Жылан қуса - әйелдердің арбауына түседі.
Сақалы ағарса - ауруға ұшырайды.
Үйі құлағанын көрсе - ұрыс-керіс болады.
Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады.
Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.
«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші, түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы - түсімізді тек жақсылыққа жори білейік!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Комментарии (0)

Оставить комментарий

түс көру және оны жору, түс көру туралы, түс жору, түс жору китабы, қазақша түс жору, түс жору аяқ киім, қазақша түс жору онлайн, с, түс жору алфавит бойынша, түс жору мұсылманша, тус жору мусылманша, мусульман түс жору, тус жору алфавит бойынша, мусульманские сновидения на казахском, тус жору аягы ауыр болса, тус жору мысык, тус жорамал, s, tүs zhoru alfavit boyynsha, tүs kөru zhәne ony zhoru, tүs kөru turaly, tүs zhoru, tүs zhoru kitaby, қazaқsha tүs zhoru, tүs zhoru ayaқ kiim, қazaқsha tүs zhoru onlayn, tүs zhoru mұsylmansha, tus zhoru musylmansha, musulman tүs zhoru, tus zhoru alfavit boyynsha, musulmanskie snovideniya na kazahskom, tus zhoru ayagy auyr bolsa, tus zhoru mysyk, tus zhoramal, түс, жору, алфавит, бойынша, көру, және, оны, туралы, китабы, қазақша, аяқ, киім, онлайн, мұсылманша, тус, мусылманша, мусульман, мусульманские, сновидения, на, казахском, аягы, ауыр, болса, мысык, жорамал, tүs, zhoru, alfavit, boyynsha, kөru, zhәne, ony, turaly, kitaby, қazaқsha, ayaқ, kiim, onlayn, mұsylmansha, tus, musylmansha, musulman, musulmanskie, snovideniya, na, kazahskom, ayagy, auyr, bolsa, mysyk, zhoramal, тус жору алфавит, Алфавит бойынша мұсылманша түс жору
Последние комментарии
Гость Милана - Сегодня, 08:45
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Гость Милана - Сегодня, 08:44
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Куралай - Сегодня, 08:24
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

👌👍

Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР