Қайрат Нұртас (1989)

 Қайрат Нұртас (1989)

1989 жылы: Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы 1989 жылы 25-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.
1996 жылы: Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы 140 мектеп-гимназиясында алғаш қолына қалам алады.
1997 жылы: "Махаббат мұңы" әнімен алғаш 8 жасында экранға шықты.
2005 жылы: Эстрада цирк колледжінің студенті атанды.
2006 жылы: "Шаншар" әзіл-ысқақ театрында "Әке" әнін орындады. Сол жылы "Арман" әні жазылды.
2007 жылы: Қайрат елге белгілі әндері "Тәтті сезім","Еркетай қарындасым","Жаралдың кім үшін", "Аллаға шүкір","Көз жасың көмектеспейді" сияқты тағы да басқа әндерін тыңдарманға ұсынды.
2008 жылы: 25 ақпанда Алматы қаласы Республика сарайында "Тәтті сезім" атты алғашқы шығармашылық ән кешін берді.
2009-2010 жылы: Белгілі хит әндер мен бейнебаяндар жарық көрді. Осы уақытта тек Қазақстанда емес, ҚХР,Қырғызстан,Өзбекстан т.б елдерде аты мәлім болып, бірнеше шығармашылық кештерін өткізді.
2010 жылы: "Ауырмайды жүрек" әні жазылды.
2011 жылы: Қазақстан ұлттық арнасы ұйымдастырған "Екі жұлдыз" байқауына қатысты.
2012 жылы: 25 ақпанда "KN" журналының тұсауы кесілді.
2013 жылы: Баян Есентаева продюсерлік еткен "Саз әлемі" байқауына "Ауырмайды жүрек", "Мейлі" әндерімен қатысып, "Жыл әншісі" және "Жыл әні" атағын жеңіп алады.
9 сәуірде "Өкініш" фильмінің премьерасы өтті.
2014 жылы: «Муззон» ЕМА-2014 премиясында «Жылдың үздік әншісі» атанды
Алматы және Астана қалаларында Қазақстанда бұрын соңды болмаған 3D шоу концертін берді.
"Қайрат Нұртас" тігін цехі жұмыс істей бастады.
2015 жылы: Ұлттық аспаптар оркестірімен жанды дауыста «Қызыл гүлім-ай» кешіне қатысты.
Тұңғыш рет Астана қаласында өткен «МуЗТВ» арнасының арнайы «Гравитация» премиясында халықтың дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның үздік әншісі атанды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі