Ғибратты әңгіме: Кеш оқылған намаз

Ғибратты әңгіме: Кеш оқылған намаз

Бiр кiсi өмiр бойы намазын оқып, оразасын ұстап, Аллаһ Тағалаға құлшылық етуiн үзбептi. Тек бiр кемшiлiгi - намазын үнемi кешiктiрiп, уақыты бiтуге таянғанда ғана оқиды екен. Күндердiң бiр күнiнде ажал жетiп, әлгi кiсi өмiрден озыпты. О дүниеге барғанда есеп дәптерi бойынша жауап алынып болған соң, ол тозаққа лайық деп танылыпты. «Қалайша? - деп таң қалыпты мұсылман, - менiң өмiр бойғы жасаған құлшылығым, бiр Аллаһқа деген сүйiспеншiлiгiм мен қорқынышым, маңдайым сәждеде жатып, тозақтан құтылуды тiлегенiм - бәрi босқа кеткенi ме? Маған ақыреттiң жақсылығы шынымен-ақ бұйырмағаны ма?» Ол есiн жиып үлгiрмей жатып-ақ екi перiште екi жағынан сүйрелеп, тозаққа ала жөнелiптi. Бойын қорқыныш пен үрей билеген, аяқ-қолы дiрiлдеп, аузы икемге келуден қалған байғұс тек iштей: «Намазым, намазым» деп күбiрлей берiптi. Бет қаратпас қып-қызыл жалынның ыстығы ендi денесiне тие бергенде алдынан ақ сақалды, ақ киiмдi адам шыға келiп, отқа лақтырылған бейшараны қағып алып, керi ұша жөнелiптi. «Сен кiмсiң?» - деп сұрайды бұл. «Мен - сенiң намазыңмын», - дептi ол. «Осы кезге дейiн кешiгiп қайда жүрсiң?» «Есiңде ме, сен де менi ең ақырғы сәтте, намаз уақыты бiтерде оқушы едiң ғой.
Үнемi кешiктiретiнсiң, менiң кеш қалған себебiм осы. Ендi қорықпай-ақ қой, мен Аллаһтың қалауымен сенi тозақ отынан құтқарамын», - дептi ақ киiмдi адам. Сөйтiп, намазының арқасында әлгi кiсi жәннатқа лайық болыпты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!