Ғибратты әңгіме: Ұстаздың ұлағаты

Ғибратты әңгіме: Ұстаздың ұлағаты

Таң шапағын шаша бастаған кез. Медресе іші. Күнделікті дәрістеріне кіріп, шәкірттер ұстазын күтіп отырған еді. Бір кезде ұстаздары:
- Ассалаумағалейкум, шәкірттерім менің! – деп, аз ғана шаршаңқы, бірақ жылы жүзбен кіріп келді.
- Уағалейкум салам, ұстаз!
- Амансыңдар ма, балалар, денсаулықтарың қалай?
- Әлхамдулилла, ұстаз! Бізде бәрі жақсы, – деп, шәкірттер жамыраса жауап берді.
Ұстаз бір сәт отырып, тыныққандай болып, шәкірттеріне қарап аз ғана жымиып, былай деді: – Ал, алтыннан қымбат менің шәкірттерім, бүгінгі дәрісімізді бастамас бұрын сендерге бір нәрсе жайында сұрақ қоюға рұқсат етіңдер!.
Шәкірттер: «Қойыңыз, ұстаз, қойыңыз… »
- Сендерге бір жомарт кісі келіп шын көңілімен, көмек ретінде күнде жиырма төрт мың теңге беріп тұрса, алар ма едіңдер?
- Аламыз, ұстаз, аламыз…
- Сол бір кісі ақшаны он екі жыл бойы беріп, он екі жылдан кейін бес мың теңге сұраса берер ме едіңдер?
- Иә, әрине, береміз…
- Ал, егер де бермесек біз қандай адам боламыз?
- Онда нағыз сараң, надан адам боламыз ғой, ұстаз.
- Міне, көрдіңдер ме!? Бұл мысалымда бір ғибрат бар, шәкірттерім. Жиырма төрт мың теңге дегенім, Алла Тағаланың бізге берген жиырма төрт сағаттық өмірі. Ал, он екі жыл деп отырғаным, біздің ақылымыз толып, ғибадат жасауға мүмкіндік беретін балиғат жасымыз. Бес мың теңге дегенім, ол біздің күнделікті құлшылық ететін бес уақыт намазымыз. Сол он екі жыл толғанда, күнделікті бес уақыт намазымызды орындай алмасақ, жаңағы нағыз сараң, надан адамның күйін кешеміз ғой.
- Иә, ұстаз, дұрыс айтасыз!
- Сондықтан, айналайындар! Алла Тағала ақылы толысып, балиғатқа толды-ау дегенде бес қана уақыт намаз оқуымызды бұйырған екен. Жақындарымызға ескертіп айта жүрейік. Ғибрат болсын!
Осылай деді де, Аллаға Тағалаға шүкір етіп, дұға жасап күнделікті дәрістерін бастап кетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!