Баланы балабақшаға тез үйретудің 5 жолы

Баланы балабақшаға тез үйретудің 5 жолы

Баланы балабақшаға беру керек болды. Бірақ, үйде, анасының жанында әбден үйреніп қалған бала жаңа ортаға бірден бейімделе алмауы мүмкін. Ондай сәттерде көптеген ата-аналар мынадай қателіктер жіберіп жатады:

- Дұрыс бейімдемеу. Бала жылағанда «балабақшаға апарып тастаймын» деп қорқыту.
- Баланың өзі балабақшаға үйрене алмай жүргенінде оны зоопаркке, циркке апарып көңілін аулаймын деу – қателік, ол керісінше, баланың жүйкесіне одан сайын ауырлық түсіреді. Алғашқы кездерде демалысында үйде, жайлы атмосферада баламен бірге болған дұрыс.
- Балаға тым жанашырлық таныту. Апарып тастағанда «мұңды» көздермен қарап, ұзақ қоштасу, алып қайтқанда құлап, жарақаттанған жерлеріне «шошып» қарау – барлығы балаға теріс әсер етеді.
- Үйге келген соң «балабақша жаман ба», «апайың ұрысты ма, ұрды ма» деп сұрай беру де баланың тез үйренуіне кедергі келтіреді.
- Барғысы келсе барып, барғысы келмей жыласа, бармай қоя салу – дұрыс емес.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?