Яшүкірқызы Өріс


Яшүкірқызы ӨрісҚазақстан Журналистика одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Яшкурова Өріс Яшүкірқызы 1949 жылы 6 мамырда Қызылорда облысы,Сырдария ауданында туған.
1973 жылы Алматы қаласында С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген.
Өз еңбек жолын туған жері Қызылорда облысы, Сырдария ауданының “Сырдария” аудандық газетінде әдеби қызметкерден бастаған Ө.Яшүкірқызы бүкіл өмірін баспасөз саласына арнады.
1976-1997 ж.ж. Торғай облыстық телерадиокорпорациясында комментатор, тележурналист;
1997-2001 ж.ж. жылдарда елордасы Астана қаласының “Астана ақшамы” газетінде әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі,
2001-2009 ж.ж Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде бас сарапшысы қызметтерін атқарды.
Ө. Яшүкірқызы республикамызға қарымды шығармашылығымен, юмор-сатирасымен танылған қаламгер. Бірнеше кітаптардың авторы. Өміріміздің өзегінен ойып алып, оқырмандарға боямасыз жеткізген “Боямасыз өмір”, әңгімелер жинағы («Елорда» баспасы, 2003 ж.) «Сексеуілдің шоғы» өлеңдер жинағы («Сөздік-Словарь» баспасы, 2005 ж. «Шенеунікше тактика», әзіл-сықақ, сатиралық әңгімелер жинағы («Ұмай» баспасы, 2007 ж.) «Қараша қаздың қаңқылы» өлеңдер жинақтары , ( АО «Баспалар Үйі, 2009 ж.» кезінде оқырман қауымнан лайықты бағасын алды.
Ө. Яшүкірқызының «Боямасыз өмір», «Сексеуілдің шоғы», «Қараша қаздың қаңқылы» кітаптарының электрондық көшірмелері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының (www.kazneb.kz) порталында сақтаулы.
Ө. Яшүкірқызы Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «10 жыл Астана» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және астана»мұрағат комитетінің полиграфистер еуразиялық одағының «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрметті белгісімен марапатталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Айгерим Толеген
    0 + 0 -
    Кайрат Нуртас лучше