Сағыныш

 Сағыныш

Сағындым мен өзіңді шетте жүріп,
Қажып біттім жүруден бетке күліп.
Астаң-кестең өмірім жалғыздықта,
Жүрегімді қоямын көкке іліп...

Мұндай қатал болар ма сағыныш та...?
Адау ойдан бықсыды жаным ысқа.
Бар амалым таусылды тек қалғаны,
Төзімімді жеңгізу бағынышқа.

Бірде күнге, барамын айға басып,
Салғырт санам кездейсоқ пайдаға асып.
Зіл күрсініп, ой талса кейде жатам,
Жын ұрғандай өзіңмен аймаласып.

Ашық қалып еппенен еріндерің,
Жылытады тәнімді демің менің.
Денең қызып,көз талып,бойың босап,
Баяу ғана естілер ерінген үн.

Тағдыр бәлкім өмір ме қарабет кім?
Мен олардан көп нәрсе талап еттім.
Сағынғанда өзіңді бір көруге,
Сол екеуін келеді талақ еткім!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі