ZHARAR | KZ | Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс?

Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс?

Ерлерге кеңес: Қыз алып қашу қаншалықты дұрыс?
Ассаламу алейкум уа рахматуллах!
Қызды алып қашу туралы дініміз не дейді? Осы қарақшылыққа дініміз рұқсат бере ма? Саркөбен Әділ


Уа алейкум ассалам! Құрметті Әділ!

Жалпы адамның бостандығы мен құқығына қол сұғуға шариғатымызда қатаң тиым салынған. Бұл адамның ар-намысын аяқ асты ету және күнә іс. Қыз алып қашу да сол сияқты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында Мина жазығында тұрып, құрбандық күні: «Расында, сендердің қандарың, мал-дүниелерің және ар-намыстарың бір-біріңе осы қасиетті (Мекке) қаласы, осы қасиетті (қажылық) айы, осы қасиетті (құрбан айт) күніндей қастерлі (қол сұғуға тыйым етіледі)», – деп,[1]
адам ар-намысының қаншалықты қастерлі екендігін ескерткен.

Сонымен қатар, ҚР Ата Заңы бойынша да мұндай әрекет қылмыс саналады. Адам ұрлау және бас бостандығынан айыру заңмен жазаланады[2]
.

Халқымызда «Қыз мұраты – кету» дегендей, теңін тапқан қыздың жолын байламау дәстүр тағы бар. Бұл – шариғатқа негізделген дәстүр. Шариғатта «Ең жақын уәли ұзақ сапарда болса, қыздың теңін күттірмеу үшін кейінгі уәли тұрмысқа береді[3]
» деп айтылған. Мәселен, қыздың жақын туыстары қайтыс болса, қызды айттырып келу ерсі саналады. Қазалы үйде біраз уақытқа дейін құда күту сияқты қуанышты шаралар жасалмайды. Бірақ, қыздың бағын байламау үшін ана-атасы өз баталарын береді де «қыз қашып» кетеді. Алайда, бұл қызды зорлықпен алып қашу емес.

Қызды тұрмысқа ешкім мәжбүрлеп бере алмайды. Неке мәселесінде қыздың өзі шешім қабылдайды Тіпті, әкесі де еріксіз тұрмысқа бере алмайды.

Ибн Аббас (р.а.): «Бір қыз Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп әкесі еркінен тыс тұрмысқа беріп жатқанын айтып шағымданады. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.) қызға өзіне таңдау жасауға рұқсат етеді[4]
»,-деп риуаят етеді.

[1] Бұхари мен Муслим.
[2] ҚР Қылмыстық кодексінің 125 және 126-баптары
[3] Әл-Ихтияр лит-таълил мухтар, 2-том, 119-бет
[4] Ахмет, Әбу Дауд, Ибн Мажаһ

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Инжу - Сегодня, 18:59
Қазақ тілі Т1 (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган бундай емес жауабы керек 1 тосан ТЖБ 3 сынып

Нұртас - Сегодня, 18:58
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб керек пж ағылшыннан

Гость Мейрамгуль - Сегодня, 18:42
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

сенде барма

Естай - Сегодня, 18:33
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Гулназ - Сегодня, 18:05
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мәәә маған тжб керек 5 класс тән

Окллаткллсьв - Сегодня, 17:46
Ниет, пейіл, ықылас, ынта, іждағат, ілтипат

Осшлуьушашлусудщцщла Овщдуьлашс

Гость Айка - Сегодня, 17:43
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Алма - Сегодня, 17:37
Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

смагулов сабыржан - Сегодня, 17:18
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жаутары керек

Жангулим - Сегодня, 17:17
Казақ әдебиеті (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

30-29=1 же получится