Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу)

 Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу)

Жүре бермей өмірдің көшіменен,
Есім кетіп, сүйді екем несіне мен?
Жұлдыздар да ендігі жұбатпайды,
...Ай жатыр шалқасынан есінеген.

Ауламда күбірлейді құлаған нұр,
Құлаған нұр, сезім бе жылаған бұл?
Түн кейде жұбататын...Ол да бүгін,
Меңірейіп неліктен тына қалды.

Жарқанат та жоғалды балкондағы,
Жалғыздық-ай жүректі талқан қылды!
Ұшқын шашып төменге, жұбататын,
Шылымым да таусылды қалтамдағы...

Маған жалған туғаннан тосын еді,
Болмысым неге нәзік осы менің?...
Мені ылғи жұбататын, әзіл айтып,
Ұйықтап жатыр үйінде досым менің...

Сезім мен шарасыздық айқайласып,
Тұрған кезде, қалайша жай табасың?
Жазшы жаным, жалқы сөз sms-пен:
«Сүйем» деген сөзіңді қайталашы...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Айдай
    Оқырман Айдай 14.12.2021 14:37
    0 + 0 -
    Ақын деген атты арқалағасын, осып-осып жазса ғой,шіркін.
    Ыңырсып "сүйем- өлем" дегендер онсызда жетіп артылады. Адам ойын астаң- кестең ететіндей өлеңдер күтесің. Табу қиын.