Өмірде бар болғаныңа ризамын

 Өмірде бар болғаныңа ризамын

Есімім Марат. Өмірде түрлі оқиғалар болып жататыны рас. Соның бірін менде басымнан өткіздім. Кедеше бастайын. Конілімде мазасыз бір ойдан арыла алмай келемін. Жылағым ақ келеді , бірақ жылай алмаймын. Анығын айтқанда жыламаймын. Қалай жылайын достарымның, оларды қойшы сын көзбен қарайтындардың алдында қалай жыламақпын. Бұлай жарамайды. мұндай бейшаралық көңілден арылуым керек. Ия, дәл осылай өзімді алдаусыратып келе жатқаныма екі жыл болды. Бірақ еш нәтиже шы,ар емес. Тіпті дүние теріс айналып жатқандай өзімді өзім жек көріп барамын. Түсінбедім.
Бұрын мұндай күйге түспеген едім ғой. Маған не болды. Философиялық терең ойлардың торына түсіп мұңлы мен шердің тереңіне батып барам. Бар болмысымды жоғалтып утопиялы қияли күй кешудемін. Айналамда жүректері жалынға толы жандар жүргенімен менің суық коңіліме жылу сыйлай алмады. Әрдайым жарық дүниенің шуағына жүрегімді жылытқым ақ келетін, айналамнан жылулық іздедім, бірақ қайдам табылмады ғой. Сол үшін мен қасымда жүрген дамдарды жек корем. Олар үнемі алдау мен пайда күнемдікті қалайды сондықтан мен оларға қосылмай жалғыз жүргенді қаладым. Тіптен біреу сөйлей қалса кірпідей жиырылып қуыстана бастаймын.

Жалғыз қалған уақытым да болашығым бұлыңғырланып құрып бара жатқандай көрінді. Ештеңеге зауқым жоқ қуыс кеуденің өзі болдым. Тіптен діндегі айтылған уағыздар да мен үшін құны жоқ болды. ислам дініндегі кейбір қағидалар маған мүлде ұнамады. Батыс философтарын қызыға оқыдым. Маған Нишще ерекше ұнайтын. Соны оқи отырып жігерленетінмін. Нәтижесінде өзімшілдік пен талас тартыста ешкімді аямау керек екенін түсіндім сонымен қоса адамдарға деген махабатты жоғалттым. Бойымда дос, бауыр, ата анаға деген сүйіспеншілік қалмады. Тағы бір ерекше тұлға Мартин Лютерге еліктедім. Оның құдайды тану жолында сан ғасырлардан бері қалыптасқан католиктік догматқа саналы түрде қарсы шығып өзінше жеке ілім қалыптастырғаны қызықтырды. Қызығушылығымды арттыра түскен тағы бір жайт « Tree of heavan» атты кино болатын. Бұл кино жан дүниемнің астан кестеңін шығарып тіптен жағдайымды қиындатып жіберді. Осы кино әсерінен крестің суреттеріне қызыға бастадым.

Протестант болғым келді. Айшықты мойныма іліп суынған көңілімді інжіл мен Мартиннің сөдері арқылы сәуле түсіретініме сенімді болдым . Осындай қиын күндерімнің бірінде жаны таза көңілі пәк жанды кезіктірдім. Ол мен үшін ешкімге ұқсамайтын нағыз идеал адам еді. Ашығын айтсам мен оны бала күнімнен танитынмын. Оған тіпті ғашықта болғам. Бірақ қол жетпес арман болып көрінгендіктен мен оны көп ойламайтынмын. Міне сол қол жетпес арманыммен бүгінде ол тұрған төбеден биікте тұрып тіл қатып тұрмын. Ғажап. Мен онымен сөйлескен күннен бастап ақ көп нәрсе үйрендім.

Ол үнемі көңілді жүретін. Тез сөйлейтін. Кейде мен оның айтқан сөздеріне түсінбейтінмін. Сөйлескен сайын жаным рахат күйге бөленіп ала сапран көңілімнің дауылы тыныштық күйге енетін. Жағымды күлкісі жанымды баурап өзіне ылғи тартып тұратын. Бір ай ғана болды сөйлескенімізге, осынша аз ғана күн ішінде мені қатты өзгертті. Өмірге қайта келгендей болдым. Барлық жоғарыдағы өзім атап өткен ойлардан арылдым Кісі сүйуді, доспенен араласуды үйрендім. Бауырларымды жақсы көре бастадым. Бір сөзбен айтқанда өзімді шынайы таныуыма үлкен себеб болды. Сондықтан мен оған үлкен рахмет ретінде осыны жазып отырмын. Сөз соңында бойымдағы қара түнекті сейілткен жанды атап өтейін ол Меруерт "МИКА"

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!