Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Келін - Қырық 40 Жас)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Келін - Қырық 40 Жас)



Кезің жоқ-ау кісі көңілін қайтарған,
Мінезіңе дос пейілі марқайған.
Қызыл гүлсің ел сүйсініп қызығар,
Бәйтерексің жапырағы жайқалған.

Үміт отын балаларға жағасың,
Құлындарын әлпештеген анасың.
Жарың үшін бәйек болдың күні-түн,
Жүрек пенен жүрек тауып жарасым.

Әрі сырлас, әрі досың құрдасың,
Арман құсың аялдамай қырға ассын.
Немере сүй, шөбере сүй, гүл жайнап,
Шаңырағыңның ұйытқысы бол, қымбаттым.

Жарың жүрсін ажарыңа сұқтанып,
Шаттығыңа бола берсін жұрт қарық.
Жұмыр деген бар бақытын тілеймін,
Достық туын аласартпай ұста нық!


Комментарии для сайта Cackle