40 жас мерейтойға құттықтау тілектер. Қырық жас құтты болсын!

40 жас мерейтойға құттықтау тілектер. Қырық жас құтты болсын!

40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.



Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын!

Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз.

Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!



Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
40-тың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.

Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере-шөберелі шал болғайсың.


Келіншек қырыққа толғанда

Кезің жоқ-ау кісі көңілін қайтарған,
Мінезіңе дос пейілі марқайған.
Қызыл гүлсің ел сүйсініп қызығар,
Бәйтерексің жапырағы жайқалған.

Үміт отын балаларға жағасың,
Құлындарын әлпештеген анасың.
Жарың үшін бәйек болдың күні-түн,
Жүрек пенен жүрек тауып жарасым.

Әрі сырлас, әрі досың құрдасың,
Арман құсың аялдамай қырға ассын.
Немере сүй, шөбере сүй, гүл жайнап,
Шаңырағыңның ұйытқысы бол, қымбаттым.

Жарың жүрсін ажарыңа сұқтанып,
Шаттығыңа бола берсін жұрт қарық.
Жұмыр деген бар бақытын тілеймін,
Достық туын аласартпай ұста нық!


Жылқыда да жылқы бар – қазанаты бір бөлек,
Жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек, деп – еліне елеулі, халқына қалаулы өзіңдей азаматқа арналып айтылса керек. 40 жас мерейтойың құтты болсын!


40 жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.

Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле 40-та.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.

Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.


40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.



40 жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.

Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.

Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.



Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын!
Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!


Қарап көріңіз:

Іздеп көріңіз:
191 -106

Добавить комментарий

Комментариев 2

  1. Офлайн
    Adilet Saliev
    Adilet Saliev 5 февраля 2016 05:37
    0 + 0 -
    Нормально
  2. Офлайн
    Adilet Saliev
    Adilet Saliev 5 февраля 2016 05:37
    0 + 0 -
    Болады нормально тилектер