Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Құда, Құдағи - 50 жас)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Құда, Құдағи - 50 жас)

Құрметті, Құда

Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.

Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,
Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.
Бір сенің шаңыңа да ілесе алмас,
Талайлар менменсіген төсін көрген.

Сүрінбей келе жатсың талай сыннан,
Жарқылдап, ажарыңа арай тұнған.
Құданың сыйластығы мың жылдық деп,
Дана сөз қалай ғана дәл айтылған.

Армандар жетелейді тым алысқа,
Жүре бер ел-жұртыңа құрақ ұш та.
Шаңыраққа шалқыған шаттық келіп,
Басымыз қосылсын тек қуанышқа.

Құдажан

Азаматтың тарланы едің,
Ақмаңдай арулардың арманы едің.
О, құда, туған күнің құтты болсын,
Тойлайық құшағында туған елдің.

Құрметті Құда мен Құдағи

Тірліктің кім шертеді бұла күйін?
Мәңгіге баққа тұнып тұрар үйің.
Елу жас келіп қалған құтты болсын,
Құрметті құдам менен құдағиым.

Мұсылман боп Нұрислам сүндеттеліп,
Өтеліп жатыр екен міндет берік.
Жүз жасқа күліп-ойнап жетіңіздер,
Баладан, туыстан да құрмет көріп.



Комментарии для сайта Cackle