Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен Мемлекет басшысы құттықтады

Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен Мемлекет басшысы құттықтады


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақша Махаббат хикаясы: Боташым...

Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы мұның мұсылмандар үшін ең маңызды мейрам екенін айтты.

- Әрбір отбасына жақсылық пен бақыт нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шамамен 2,5 мың мешіт бар екенін, оларға қазақстандықтардың, соның ішінде жастардың көптеп баратынына тоқталды.

- Сенімнің – таза, ал адамдардың жүрегі ашық болғаны маңызды. Мешітке жай әншейін емес, жақсылықты, татулық пен бірлікті ниет еткен шынайы тілекпен келу керек. Сонда ғана біздің еліміз өркендейді, ал жастарды жақсы болашақ күтеді, - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызды Құрбан айтпен тағы бір рет құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
20% және 80%



3-2


Комментарии для сайта Cackle