Тұрсынбек Қабатовтың жары: Күйеуім маған тоқал алам деп айта алмайды

Тұрсынбек Қабатовтың жары: Күйеуім маған тоқал алам деп айта алмайды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова күйеуінің тоқал алуына түбегейлі қарсы екенін жеткізді деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтты.

Оған, әдеттегідей, тоқал алу мәселесіне қатысты көзқарасы қандай деген сұрақ қойылды. Бұған дейін тоқал алуға келгенде үрке қарайтын Мөлдір бұл жолы да сол кзөқарасынан танбады.

"Жоқ мен қарсы болам. Неге мен дап-дайын, күшті, сүйкімді күйеуімді біреумен бөлісуім керек? ", - деді ол.

Оның айтуынша, Тұрсынбек оған олай айтпайды.

"Ал оған сізге келіп, мен осылай да, осылай, ғашық болып қалдым" десе ше?", - деді жүргізуші.

"Жоқ, Тұрсынбек олай айта алмайды, айтпайды. Мен қызғаншақ адаммын. Мен ондайға көне алмаймын, көнбеймін", - деп кесіп айтты Мөлдір.

Естеріңізге салсақ, осыдан біраз уақыт бұрын әнші Қарақат Әбілдина өзінің жары Қыдырәлінің туған күніне тоқал алып беремін деп жалпақ жұртқа жар салған болатын.

Сонымен бірге, оынң өнердегі құрбысы Айнұр Тұрсынбаева да күні кеше тоқал алуға қатысты оң көзқараста екенін айтып, онда тұрған еш сөкеттік жоқ деген пікірін жеткізген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍