Туған күн (Аға - Мерейтой 70 жас)

 Туған күн (Аға - Мерейтой 70 жас)

Сыр шертіп Көктем жайлы, қыс жайлы
Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,
Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.

Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,
Тұрған шағы саралап
өткен жолын қайта кеп.
Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,
Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!

Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,
Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.
Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар
Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!

Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы,
Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.
Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп
Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!

Даналық белгісіндей ақ самайың,
Толықсып, кемелденіп асқақ ойың.
Келіпсіз мерейлі шақ - 70 жасқа,
Нұрланып, кемелденген патшадайын.
70 жас-ердің жасы мәртебелі,
Қиядан көргендейсіз әо төбені.
Жаныңда балаларың, жарың аман,
Өмірдің жиылғандай бер керегі...
Автор: Айгуль Нургалиева

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі