Нағыз сезім

Нағыз сезім

70 жасар ерлі-зайыпты сотқа ажырасу жөнінде өтініш білдірді. Жасы ұлғайып қалған отағасы үндемей мұңайып тұр. Апаның да жанарынан көп жылағаны байқалады. Бұл істен шаршап шалдыққаны айдан анық.
Сот өкілі бірінші боп апаға сөз берді:
– Апа, неліктен ажырасқыңыз келеді? Себебін айта аласыз ба?
Апа орамалының ұшымен аққан жасын сүртіп тұрып:
– Мына кісі 40 жыл бойы мені қинап өтті – бұдан артық шыдар алар емеспін.
Сот залында бір сәтке үнсіздік орнады. Елу жылдық отаудың шаңырағы неге шайқалды екен? Апа не дер екен? Барлығының назары бір мезет апаға ауды. Апаның жанары жасқа толып, сөзін былайша жалғастырды:
“Біздің қатты жақсы көретін інжу гүліміз болатын. Елу жыл бұрын еді…Бұл гүлді күйеуім әкеп бергенді. Тұқымын алып, сүйіспеншілікпен оны өсіре бастадым. Өкінішке орай, балаларымыз болмады, осы гүлді “балам” деп білдім. Уақыт өте гүл сола бастады, сол кезде күннің алғашқы сәулесінен бұрын гүлді суарып тұрамын деп уәде бердім, гүлге пайдалы екенін естіген едім. Кешегі түнге дейін елу жыл бойы мына адам тәтті ұйқысын бір бөліп, бұл жолы гүлді мен суарайын демеді. Сол түні тағатым таусылып ұйықтап калыппын. Мен осындай адаммен елу жыл өмір сүрдім. Үмітімді, өмірімді тек бір өзіне арнадым. Бірақ одан еш қайыр болмады. Өмірінде бір рет болсын менің атқарып жүрген міндеттерімнің біреуін атқарғанын қаладым. Ант етейін онсыз өмір сүргенім жақсырақ..
Сот бұрылып:
-Айтатыныңыз бар ма қария? – деп сұрады.
Қарт кісі айыпқа тартылғанынан болса керек ұялған сыңаймен сотқа бет бұрды.
- Әскерлік борышымды Жоғарғы палата резиденциясында бағбан ретінде өтедім. Бақшаның
көркем әрі ғажап көрінісі үшін аянбай, қажымай еңбек еттім. Жұбайыммен де сол жерде таныстым. Гүлмен де….Оған гүлдердің ең әдемісінен бір гүл шоғын бердім. Жоғарғы палата резиденция бақшасы інжу гүлге толы еді. Жұпар иісі баурап, жүректі елжіретпей қоймайтын.
Үйленген кезіміздің алғашқы күндері еді…Әйелімнің мойны ауырып дәрігерге апардым. Дәрігер: «Егер көп уақыт оянбай ұйықтаса мойнындағы шеміршек қатайып жаман боп кетеді. Түнде ұйқысын бөліп оянсын, біраз жүрсін» деді. Әйелім дәрігердің айтқанына құлақ аспады. Менің де сөзімді тыңдамады. Бақытыма орай, гүліміздің солып қалуы сол кезге сәйкес кеп қалды. Мен: “Түнде суарсаң жақсы боп кетеді” дедім. Сөйтіп уәде бергіздім. Түн сайын оны өзім оятып тұрдым. Одан көз алмай қарап жататынмын. Жақсы көретін әйелімнің баласы көретін гүлді суарып жатқанын көру бір ғажап еді. Ол гүлді өзім деп сезінетінмін. Мүмкін содан шығар ол гүлге табынуға да болар еді”
Ешкім мұндайды қариядан күтпеген еді. Қария сөзін жалғастырды.
“Әрбір түн ол ұйқыға кеткенде мен тұратынмын. Гүл құмырасындағы суды босатып қайта жататынмын. Інжу гүлін түнде суаруға болмайды, сот мырза! Өткен түні де, қарттық болар, мен де ояна алмадым, оны да оята алмадым. Гүл сусыз қалар-ау, бірақ сүйіктімнің мойны қайтадан нашарлап қалуы мүмкін еді – сол үшін кінәлімін. Тіл қатпадым.”
Сол сәт сот залын қайтадан үнсіздік басты. Қарт кісінің сезімі алдында бас иілді.


(атамнан естіген оқиғам, сіздерге дұрыс жеткізе алмасам айыпқа бұйырмаңыздар)

© Бекмұратқызы Балым

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!