Қарын ашқанда тәбетті қалай қайтаруға болатынын білесіз бе?

Қарын ашқанда тәбетті қалай қайтаруға болатынын білесіз бе?

Әлемде ешқандай диетаның мәңгілікке арықтатпайтынын білетін шығарсыз. Қаншалықты жылдам арықтасақ, артық салмағымыз да дәл солай жылдам қайта қалпына келеді. «Әткеншек принципі» деген осы. Сондықтан баяу арықтаған жөн. Ал артық салмақтан арылған соң дұрыс тамақтануды қадағалауды ұмытпайық.

1. Тәтті, майлы, ұннан жасалған тағамдарды азайтып, орнына су, шырын және шөптен жасалған шәйді көбірек ішіңіз.

2. Сағат 19:00-ден кейін және негізгі тағамдардың ортасында жеуге болатын жеңіл тағамдардан бас тартыңыз.

3. «Сенімен бірге отырып бір шыны шәй ішейін» деген сөздерден аулақ болыңыз. Әңгімелесу үшін міндетті түрде бірге отырып тамақ ішудің қажеті жоқ.

4. Аш адамдай тамақты шайнамай жұтпаңыз. Жеген тамағыңыздан ләззат алып, асықпай шайнаңыз. Нәтижесінде қарныңыз тез тойып, жеген тамағыңыздың мөлшері азаяды.

5. Психологиялық деңгейде адамды босаңсытып жіберетіндіктен, кең тұратын киімді кимеуге тырысыңыз.

6. Және ең бастысы артық салмақ туралы үнемі ойлай бермеңіз. Оның орнына аптасына бір рет фитнеске барыңыз.

7. Туған-туысқандарыңыздың тойына, бастаңғылар мен туған күндерге барамын деп тамақты мөлшерден артық ішіп қойсаңыз, уайымдамай, барлығын басынан бастаңыз.

Егер тәбетіңіз ашылса

- Минералды су ішіңіз немесе банан мен жүзімнен басқа кез келген бір жемісті жеңіз. Минералды су ағзадағы зат алмасуды реттеп, артық калорийді күйдіреді;

- Егер қарныңыз тым қатты ашса, өзіңізді аз-кем еркелетуге болады. Себебі, өзіңізге тыйым саламын деп жүріп, артынша өте көп тамақ жеп қоюыңыз мүмкін;

- Ақжелкеннен жасалған қайнатпаны ішсеңіз, бірнеше сағат бойы қарныңыз ашпайды.

Ал сіз артық салмақтан арылу үшін қандай шара қолданасыз?


Дайындаған: Томирис Сағындық
Дереккөзі: Массагет сайты

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі