Досқа тілек. Достарға тілек сөздер

Достарға тілек сөздер

   Адамзат сыйласуының ең мөлдір көзі - достық болса, адал достығымыз жаныңды шаршатпайтын нір болсын.

   Өмірде мұңайма, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.




Достарға тілек сөздер

Сен аман бол достарым, сен аман бол,
Өздеріңмен әр күнім жайма шуақ.
Қиналғанда қасыма келген кезде
Өздеріңнен тарайды маған қуат.

Жаратқаным жар болсын өздеріңе,
Аспандарың ашық боп оу достарым.
Өздеріңе жақсы күй, шаттық бер деп,
Шын жүректен тілегімді мен бастадым.

Амандықта басымыз қосылсын деп,
Жүрем іштей достарым мен де тілеп.
Отбасымыз, жақынымыз аман болсын,
Бірге соғып достарым біздік жүрек.


 Сендер барда достарым!


Сендер барда достарым ашық аспан,
Сегдер барда достарым көңіл тасқан.
Тілейтінім өздеріңе бақыт, шаттық,
Жақсы тілек бар ма өзі одан асқан.

Бұл бақыттың ішінде барлығы да,
Амандығың достарым саулығың да.
Күліп-ойнап шаттанып жүріңдерші,
Тілейтінім сол менің барлығыңа.

Орындалсын армандарың аңсаған,
Тәнті болып өздеріңе барша жан.
Берекелі, мерекелі күн болып,
Оу достарым шарықтай бер, шаршаман!


Пайдалы сілтемелер:




Досқа тілек

Достарыма арналған тілектер

Қуанышты күн бүгін оу достарым,
Қуанышта басымызды қосып отқан.
Дастарханың жайылсын қуанышқа,
Тыныштықта, шаттықта атып ақ таң.

Достығымыз жалғансын, ажырамай,
Көңіліміз шадыман күйде болып.
Бар жақсылық достарым орнасын тек,
Бақ-береке, ынтымақ үйге толып.

Жайқалыңдар достарым тамыр жайып,
Әрбір күннен қуаныш, шаттық алып.
Мықты болсын саулықтарың достарым,
Әрбір күннен шынайы бақыт тауып.



Достар, достар болшы аман!

Достар, достар болшы аман,
Өздеріңмен бақыт табам.
Көктемдей боп құлпырыңдар,
Абыройың артып бағаң.

Көңіліңде мұң болмасын,
Жүріңдерші тек күлімдеп.
Бар жақсылық тек орнасын,
Жүремін мен іштей тілеп.

Арман менен мақсаттарың,
Орындалсын алға қойған.
Шыға берсін жақсы аттарың,
Елің мақтап, көңіл қойған.


Пайдалы сілтемелер:



 Достарым-ау, достарым!

Достарым-ау достарым баға жетпес,
Өздеріңдей жан бар ма көңілі кең.
Бар жақсыны тілеймін өздеріңе,
Оу достарым сендерге жүрегіммен.

Көктемдейін құлпырған көңіл-күйді,
Тілеймін мен шаттығың биіктесін.
Жайма шуақ жаздайын жадырай бер,
Күтіп алда тек қана биікте шың.

Қара күздей бет-бейнең сұрланбасын,
Қыстай мықты денсаулық тілеймін тек.
Жаратқаным жар болып әрқашанда,
Жүріңдерші достарым тек күліпдеп...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. достарға тілек
    достарға тілек 28.10.2021 19:29
    8 + 0 -
    Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.

    *** *** *** ***



    Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!

    *** *** *** ***

    Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Жылан жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

    *** *** *** ***

    Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

    *** *** *** ***

    Достарл, лайым Жаңа жыл барлықтарыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!

    Ортамыз ойсырамай, көбейіп, Алла тағала жылдан жылға аман-есен жеткізе берсін! Бәріне мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерін оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа жыл құтты болсын!



    Достар! Жастық шақ — өсіп тұрған гүл емес пе, Сол гүлдің нағыз өзі — біз емес пе! — дегендей жан-жағыма көз салсам, жаңа жылды қарсы алу кешіне әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, мезгілдің қыс екенін ұмытып, қып- қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын, жаздың жылулығын көремін. Ендеше достар, лайым осылай құлпырып жүре беріңдер. Жаңа жыл әрқайсысыңа бақыт пен шаттық сыйласын! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бұл жылы да әдемі жалғасын тапсын!

    *** *** *** ***

    Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!

    *** *** *** ***

    Аяулы дос! Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер тілеймін! Жылдан-жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!

    *** *** *** ***

    Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір болған асыл дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын!

    *** *** *** ***

    Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын! Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі жанымда болсын! Достар, мереке құтты болсын! Дастарханымыз мол болсын! Көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын!

    *** *** *** ***

    Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!

    *** *** *** ***

    Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

    *** *** *** ***

    Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.

    *** *** *** ***

    Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің қасыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

    *** *** *** ***

    Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!

    *** *** *** ***