Туған елге тағзым


Туған жер сөзін естігенде, көбісі көз алдына бірден биік тауларды, жер астынан бүршік атып шығатын бәйшешекті, тамылжыта сайраған бұлбұл құстары бар кереметтей сүретті елестеді. Негізінен, осы бір екі ғана сөздің түп тұңғиығында қаншама құнды мағына мен ой жатыр, сол себепті болар әрқайсысы туған жердің қадірін әр түрлі түсінеді. Өз басым "Туған жерді” ешнәрсемен теңесе алмайтын, ұлы әрі киелі сөздердің бірі деп білемін. Көз алдыма өлеңін айтып, ұршықпен жіп иіріп отырған әжемді, шашымды шекелеп өріп отырған анамды, таңертеңнен кешке дейін ойнаудан жалықпайтын ауылдың қара домалақ баларын, қымыз пісіріп отырған әппақ жеңешемді елестетемін. Тай құлындай тебіскен жора-жолдастарымның ақымақ әрі күлкілі істері уайымсыз да, бейкүнә балалық шағымды есіме түсіртеді. Дегенмен заман талабы ма, әлде жастардың ойы басқаша ма, білмедім. Көбісі өзіміз жақсы жағдайда тұрсақ, астымызда жүрер көлігіміз, сыртымызды жылытар тонымыз, басымызда тұрғылықты үйіміз бар болса- деп өмір сүреді, бірақ бұл бақыттың негізгі кілті емес екендігін барлығы түсіне бермейді. Бұл тұрмақ біздің ата-аналар жұмысбастылықты сылтау етіп, бала тәрбиесін уысынан шығарып алды.  Қазір немересіне ертегі айтатын әже, ел шежіресін баласына жаттатын ата некен саяқ кездеседі.  «Жеті атасын білген жеті рудың қамын жер», - деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған ғой. Несін жасырамыз, әлі де болса арамызда жеті атасын білмейтін адамдар бар.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқының талай қиындықтардан өтіп, шет мемлекеттің қысымы әсерінен біраз өзгерістерге ұшырағанын білеміз. Тас жүрек Сталиннің әміршіл-әкімшіл жүйесі, 1932 жылдардағы ашаршылық, 1916 жылдардағы Ұлт Азаттық көтерілісі және тағы басқа қан төгіс шайқастары қазақ жұртына тыным берген жоқ. Алаш арыстандары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов қанша білім нәрімен сусындырса да, Үкіметтің солақай саясаты ұлттық болмысымыз мен мүддемізге нұқсан келтіргені сөзсіз. Қаншама ғасырлар бойы қалыптасып, ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған мұраларымыздың басым көпшілігі ұмыт болды. Жаңа туған жас толқын орыстарға біртіндеп бейімделе бастады. Осының есебінен адами қасиеттеріміз де басқа жолға түсті. Өз елін басқадан төмен санайтын мәңгүрттер тобы пайда болып, қазақ халқының дәрежесін одан әрі төмендетті. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық, ақ пейілділік және даналық. Бойында осындай қасиеттері бар жандарды Абай атамыз ерекше құрметтеп, жомарт атаған. Сондықтан әр нәрсеге бей-жәй қарамай, бар көмегімізді осы қазақ бауырларымызға аямау абзал болар.
Қазіргі таңда осы орыстандыру саясатының ізін өшіру мақсатында көптеген іс-шаралар мен бағдарламалар ұйымдастырылуда және мұның барлығы тек жас ұрпақтың игілігі үшін. Ерекше етіп "Назарбаев Зияткерлік Мектептері" дербес білім беру ұйымын атап өтуге болады. Ұйымдастырылып отырған барлық бағдарламалар мен жобалар қазақ елін мәңгілік жадында ұстап, әлемдік деңгейге шығаруда басты бағдар бола алады. Мәселен, "2 апта ауылда" , "Туған елге тағзым" секілді жобалар туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған. Қоғамдық қызмет атқарып, еңбекке деген құлшынысын арттырады
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, барлық қиындыққа төтеп берген қайсар халық. Біздің қазіргі әлем аренадасында алатын орнымыз мүлдем ерекше, жаңаша. Сондықтан, осындай Қазақ жерінде туылып, өмір сүріп жатқаным мен үшін үлкен мәртебе, үлкен қуаныш. Әйгілі Бейбарыс бабамыз шетте жүріп, туған елін сағынған шағында әрдайым туған елден алдырған жусанды искеп, туған жерге деген сағынышын басқан екен. Мейлі сен АҚШ-та не Францияда жүрсең де, жүрегінің түбінде туған жерге деген құрметінді сақта! Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә.

 

Назым Бөлеген 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу