Туған жер туралы жыр


Туған  жерім  кіндік  қаным  тамған жер,

Сен де  өсіп, сен  де  адам  болған  жер.

Шаңынды  иіскеп,  күн  батқанша  далада,

Топырағыңа  аунап, бойға  қуат  алған  жер.

 

Қымбат  маған  туған  жерім – ауылым,

Жанымда  әркез  туған-туыс, бауырым.

Күнде  кешке  балалармен  алысып,

Жер  иіскеп еді,  шіркін,  талай  жауырын.

 

Ауылым-ай,  жусан  иісі  аңқыған,

Көркейтсем  деп,  бір  өзіңді  талпынам.

Сенен  жырақ  кетсем  болды  сағынам,

Сенде  жүрсем, еш  уайымсыз  шалқығам.

 

Туған  жерім, ауылыммен  мақтанам,

Салт-дәстүрдің  құндылығын  сақтаған.

Ауылдан-ақ,  талай  мықты  шықты ғой,

Өз  елінің    үміттерін   ақтаған.

 

Сенімен  тәтті,  менің  ылғи  қылығым,

Арқауысың  дәл  бүгінгі -  жырымның.

Көкейдегі  әсем  жырын  арнаған

Мен өзіңнің  шын  патриот  ұлыңмың!

 

 

  Сәуле Абумаликова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу

Ілмектер: жыр, туған жер