Түркістан туралы шығарма


Түркістанды бірге түлетейік

Түркістан-екі дүние есігі ғой,
Түркістан-ер түріктің бесігі ғой
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің Тəңірі берген несібі ғой, - деп жазушы Мағжан Жұмабаев айтпақшы, Ұлы Жібек жолының бойында, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан, Еуразияның кіндігінде шежірелі тарихты қойнауында сақтап жатқан, ұлтымыздың рухани құндылықтарын тоғыстырып, Қазақ мемлекетінің іргесін қалаған ежелгі қала бүгінде шет жерден ағылатын мыңдаған туристердің, оның ішінде араб, қытай,парсылар мен еуропалықтардың көз тіккен ордасына айналды.
Қаладағы тарихи туризмнің басты нысаны, бабаларымыздың көзіндей болып тарихтан жеткен, Түркістанды бүкіл түркі жұртына мəшхүр қылған, өз заманындағы сəулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған, Ақсақ Темірдің жарлығымен, Құдайдың құдіретін жүрек көзімен көруге жетелейтін қарапайым таным-сопылық ілімнің ірі өкілі, оның кең етек жайып, белең алуына себепкер, қарапайым кемелділікті дəріптеуші Қожа Ахмет Яссауиге арнап салынған кесене бүгінде Тəуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның "Əлемдік мұралар" тізіміне енді.
Үш жүз жылдай уақыт қазақ хандарының тұрағы, астанасы болған, ғажайыбы сырға толы мекеннің өзен-көлдері, тау-тастары мен орман-шөлейіттер массиві, мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалары талай соғысты бастан кешіріп, талай кезеңдердің куəсі болды.
Заманы туып,облыс орталығына айналған қасиетті де киелі мекенде Есімхан, Тәукехан, Рабиға бегім, Қаз дауысты Қазыбек би сынды халқымыздың ең асыл азаматтары мен қалаулы ұлдарының сүйегі жатқан, бабалар сөзімен айтқанда түмен бап жатқан қасиетті қабірстан депте айтуымызға болады.
Күллі түркінің көз тіккен жаухары, екінші Мекке атанған қастерлі шахарға зиярат етушілердің саны күн санап артып келеді.
Түркістан-əр пенде барып көруді армандайтын, еліміздің рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тəу етіп барып, зиярат қылатын құтты, қасиетті мекен, ұлтымыздың рухын көтеретін келешегі кемел өлке.
Осындай киелі өлкенің туризмін дамыту-елімізге тек табыс алып келу ғана емес,еліміздің инфрақұрылымын дамыту,əсем табиғатын күллі дүниеге паш ету.
Дін мен тарихты сабақтастырып, тарихи салт-дәстүрді жаңғыртып, этнографиямен байланыстыру арқылы келушілер санын еселеп,шахардың қолайлы инфраструктурасы мен жеткілікті менеджмент жүйесін жасап, ата-бабамыз арда тұтқан қасиетті мекеннің туристік әлеуетін бірге түлетейік ағайын!
тасына тікелей байланысты деп санаймын.

 

Несібелі Каналбек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу