Біліміміз бен күш қуатымыз – Отанымыздың гүлденуіне


Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ең басты ісіміз ол-ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты, зияткер элитаны тәрбиелеу. Əлемдегі дамыған, алпауыт 30елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан, ширек ғасырда ширап, аз ғана уақытта алдыға қарыштап дамыған мемлекетіміздің болашағы-білімді, алғыр, бəсекеге қабілетті білімді жастардың болуында. Себебі, болашақта ел тізгінің ұстайтын азаматтар-бүгінгі жастар. Сəт сайын дамып, сəт сайын өзгеріп, өркендеп отырған қоғамда қордаланып қалған, күрмеуі қиын мəселелер көп. Ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырлайтын, дүниетанымы кең, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жахандық өзгерістерге бейім патриоттық рухты ұрпақ тəрбиелегенде ғана біз барлық бəсекеге төтеп бере аламыз.
Сондықтанда сіз, мен жəне біз-жарқын істерге апарар жолды меңзейтін Қазақстанның жанды бейнесі, ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті екенімізді ұмытпауымыз керек. Кезінде осы егемен еліміздің ұланғайыр даласын бізге енші еткен батыр бабаларымыздың төккен тері мен басынан кешкен азапты күндерін де біздер ұрпақ жадымызда сақтауымыз керек. Бабаларымыз аманат етіп кеткен дархан даланы көздің қарашығындай сақтауымыз керек. "Алма піс,аузыма түс"деп жататын, бой жарыстыратын заманға əлі жетпедік, алпауыт елдердің алдында өз рухымыз мен теңдігімізді нығымдайтын, жалын, жігерімізді бір арнаға тоғыстырып, ізденіп, талпынып ел болашағы үшін еңбек ететін ой жарыстыратын заманда күн кешіп жатырмыз. Болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген, текті ұлттың ұрпағы екенімізді келер күн мен атқан таңға куəгер ету біздің міндетіміз. Шырылдап өмірге келген сәтімізден бастап біз мына өмірмен тыныстай бастаймыз. Бабаларымыздың кейбір қасиетін сүйегімізге дейін сіңіре өмірге аяқ басамыз. Ең бастысы әрқайсымыздың тұтастай келбетіміз, ішкі сыртқы мазмұнымыз түбі бәрі бір өзіндік сипатқа ие екенің, мақсатымыздың бірдей болып көрінуі-Отанымыздың ортақ екендігіндігінде екенің білуіміз шарт. "Жүрегі мен тілегі бір ұлттардың Заманауи әлемінде елдің қуаты ең алдымен азаматтардың білімімен өлшенеді» дейді Елбасы.
Олай болса, Бауыржан атамыз айтқан азаматтық міндетімізді абыройлы атқарғымыз келсе, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуды мақсат тұтсақ, ең бірінші терең біліммен қаруланып алуымыз керек. Қазіргі таңда мемлекет біздің көзі ашық, көкірегі ояу білім нəрімен сусындаған ұрпақ болуымыз үшін жан-жақты жағдай жасаған. Тек мақсат оқуымызды жақсы оқып, болашақ мамандығымыздың қыр-сырына теориялық тұрғыда қанығып, қоғамдық жұмыстарға араласа жүріп шыңдалуымызда. Өзіміздің дамуымыз арқылы өзгенің де білімін жетілдіруге жол салу арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік жасампаз елдің жастары ретінде бəсекеге қабілетті, іргесі мықты, көсегесі көгерген ел ету, тың бастамаларымыз бен идеяларымызды ұштастырып Отанымыздың гүлденуі үшін жұмсау біздің парызымыз деп білемін. Сондықтан да өзім қатарлы құрдастарыма, жаңа заманның болашақ ұрпақтарына, лидерлеріне айтарым: "Еңбектен! Өс! Өрле! Биікке жет! Шыңдал! Ізден! Бірігіп ел үшін бірге қызмет етейік!"- демекпін.

 

Жаңай Самғар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу